Қазақстанның ашық кітапханасы
1733 жылы Бостон қаласының кеме тоқтайтын айлағында теңізге шай салынған жәшіктер
әлдеқайдан үйіріліп түсіп жатты, ал 1775 жылы Англияның америкалық отарларының
тәуелсіздігінің Декларациясы қабылданды. Оның мәтінінде былайша айтылатын:
үкіметтер халықтардың бақытты болуы жолында қызмет етеді; егер олар бүл мақсат
үдесінен шықпаса, онда халық бұқарасының оны төңкеріп тастауға құқы бар.
Реформаларға бағдар ұстаған Франциядағы буржуазиялық топтар мұхиттың арғы жағында
болып жатқан жайларды зор мән бере және сүйсіне отыра бақылады. Олардың
реформашылдық бейімділіктері Англияға дұшпандық көзбен қарап отырған ұлттық
сезімдермен араласып кетті. Тіпті осы топтардың жетекші өкілдерінің өздері не жайлы
болса да ойланатын, бірақ тек қана монархияны іштен ыдырату жайлы ойланған емес.
1774 жылдан бастап істің насырға шауып, Англиямен арадағы қақтығысқа дейін жетіп
қалғандығы және соғысқа дайындалу қажеттігі айқындала түседі. Сол 1774 жылы
Людовик XV қайтыс болады. Жаңа корольдің билік басына келуімен бірге сарай
маңындағы топтардың арасында тар ауқымдағы сияқты кең ауқымда да әкімшіліктік және
салықтық жүйелерді реформалау үшін бұрыннан жүргізіліп келе жатқан күрес енді
жаңаша өрістейді...
Осы аталған жылы «civilisation» алғаш рет көптеген адамдардың аузымен, әбден орнығып
қалған ұғым ретінде өте жиі қолданыла бастайды. Рейнальдың «Histoire philosophique et
politique des etalissements et de commerce des Europeens dans les deux Indes» еңбегінде 1770
жылы бұл соз әлі бірде-бір рет қолданылған емес; екінші басылымда 1774 жылы «ол анық
түрде жалпыға міндетті әрі жалпыға бірдей термин ретінде жиі және қандай да бір
болмасын мағыналық ауытқуларсыз пайдаланылады».
Гольбахтың «табиғат жүйесі» 1770 жылы әлі де болса «өркениет» сөзін қолдана қоймаған
еді. Оның «Әлеуметтік жүйесінде» 1774 жылы «civilisation» сөзі жиі қолданылатын
ұғымға айналды.
Бұл жоғары мәдениетті әрі сыни реформаторлардың тұжырымдамасының негіздері бәз-
баяғы күйінде қалады: білімдік ілгерілеудің арқасында бұған корольдің көзін жеткізуге
және ел билеушілерді сендіруге, оларды «ақыл-парасат» немесе «заттар табиғаты»
рухында әрекет етуге иландыруға болады. (Бұл арада XVIII ғасырдағы неміс зиялы
қауымы мән берген сөздің мағынасындағы «ғылымның» емес, білімнің алға ілгерілеуі
жайлы соз болып отыр, өйткені бүл жолы біздер университет оқытушыларымен емес,
керісінше жазушылармен, шенеуніктермен, интеллигенттермен, «тәуір қауыммен» және
салондармен біріккен сарай маңындағы әр түрлі буржуа өкілдерімен істес болмақпыз.
Басшы қызмет лауазымдарын жоғары мәдениетті, яғни, реформаларды аңсаушы адамдар
иеленуі ықтимал, және олар институттарды, тәрбие мен заңдарды жақсартуға жан-жақты
жәрдемдесетін болады. Реформалардың бүл ілгерілеушілігінің көріністерінің бірі үшін
«civilisation» ұғымы анықталды да, айналымға жіберілді. Осы - коп жағдайда жекеше