Қазақстанның ашық кітапханасы
Өнеркәсіптік революцияның туыс-тектік дәрежедегі азапқа толы жай-жапсарларын сол
немесе өзге ел басқарушылықтың нәтижесі деп бағалау қиын, және де бұл адамдардың өз-
өздерін және өздерінің қоғамдық болмысын үдеріс ретінде қарап-талқылауға мәжбүр етті.
Егер, Мирабо алдағы уақытта «civilisation» ұғымын қалай пайдаланады деп бағамдасақ,
онда бүл тәжірибенің оған өз дәуіріндегі ғұрыптар мен салт-жоралардың жиынтығын
жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретіндігін анықтауға болады. Оларда, соның ішінде
«өркениеттілікте» ол әлдебір қандай болсын айналымның бейнесін көріп таниды. Ол ел
билеушілер де осындай заңдылықты көре білсе және оны пайдалана білсе деп бүкіл ой -
арманымен осылай болуын тілеп турады. Бұл мағынадағы «өркениеттілік» осы сөздің
қолданылуының ертеректегі сатысында ұғынылады...
Провинциялық дворян Мирабоның байлыққа, сән-салтанатқа және күллі үстемдік құрушы
ғұрыптарға білдірген сыни көзқарасы оның тұжырымдамасына айрықша әр береді.
Тарихтың айналымындағы шынайы өркениеттің алар орны, оның ойынша, ақшаның
молшылығынан туындайтын дөрекі әрі тағы, «түңілушілік» өркениеттің арасында жатыр.
Жоғары мәдениетті үкімет осы бір шұғыл үдеріске дөрекілік пен мәдениеттің құлдырауы
арасындағы үйлесімсіздікті теңгере отырып, орта желі бойынша даму үшін қоғамға
мүмкіндік беретін осындай бағытты беруге бейімділік танытады.
«Өркениет» ұғымымен байланысты болып келетін күллі мәселенама оның пайда болу
мезгілінде бой көрсетеді. Бұл арада онымен қайталанып келіп отыратын кезеңдердің
ырғағына ілесіп отыратын кері кетушілік пен «таусылып бітудің» әлгі айтылған идеясы
байланысты болып келеді, оның әрбір дағдарысымен бірге ол өзі жайлы да мәлімдеп
отырады. Бірақ, бүл жерде еске ала кетер бір жай, реформаларға ұмтылыс тұтастай
алғанда, қазіргі бар болып отырған нәрсенің шектерімен шектеледі, яғни жоғарыдан
басқарылатын қоғамдық жүйенің шеңберінде қалады. Жаман нәрсе деп саналатын нәрсеге
ешбір жаңаша түрдегі бейненің немесе түсінік қарама-қарсы қойылмайды. Сонымен бір
мезгілде нағыз нәрсені түзеткен жөн деген сенім-наным қалыптасқан: үкіметтің жоғары
мәдениетті әрі түпкілікті шешімдері біздерді «жалған өркениеттен» «ізгі көне ақиқат»
өркениетке қайта оралтуы мүмкін.
7
Әрине, әуел бастағы «civilisation» жеке сипаттың көптеген жай-жапсарлары болуы да
мүмкін. Бірақ, сонымен бір мезгілде оның париждік қауымның реформашыл және
прогресшіл топтарының жалпы қажеттіліктері мен жалпы тәжірибесіне сай келетін
элементтері болды. Және де бұл топтарда аталған ұғым елді коммерцияландыру мен
индустрияландыру үдерістерін жеделдету жағдайындағы реформалар қозғалысы зор күш
алған сайын жиірек пайдаланылады.
Людовик XV-інің ел басқару кезеңіндегі соңғы жылдар ескі жүйенің бейберекетсіздігі мен
әлсіреу уақыты болды. Осы жүйенің сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтары арта түсті.
Әлеуметтік трансформацияның белгілері еселеніп көбейе берді.