Қазақстанның ашық кітапханасы
болып отыратын жоғарыдан жүзеге асатын дәстүрлі қалыптағы басқаруға қарағанда тәуір
тәртіпті жасап қалыптастырады.
Бірақ, сонымен бір мезгілде ол мұндай оқшау үдерістер даналар мен оқу-ағартушылыққа
қаныққан әкімшілерге қазірдің өзінде белгілі болып отыр, олар өз білімдеріне сүйене
отырып осы үдерістерді басқара алады деген ой-пікірді ұстанады. Бүл қысқаша желіде
(тезисте) француздық және ағылшындық реформаторлар арасындағы өзін-өзі реттеу
тәжірибесін игеруде айырмашылық байқалып отыр. Кене мен оның жақтастары қазіргі бар
монархиялық жүйенің шеңберінде қалып қойған. Олар негізгі қағидалар мен «ancien
regime» институттарын әңгімеге арқау етпейді. Практикалық істерге зор ынта қоятын
физиократтар сияқты бәз-баяғы нәтижелерге қайта оралып отыратын, абстрактілі түрде
мейлінше аз пікір таластыратын шенеуніктер мен зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігі
туралы да осыны айтуға болады. Шын мәнісінде, тәжірибе де, ой да бұл арада сол
бұрынғы күйінде қалып отыр. Ой-толғамдардың барысы тым қарапайым, оны былайша
тұжырымдауға да болар еді: ел билеуші зор құдіретті адамдардың өз жүгенсіздігі
бойынша барлық адами қарым-қатынастарға араласа алады деген пайымдаушылық дұрыс
болмақ емес. Қоғамның, экономиканың тиісті өз заңдылықтары бар, олар ел
билеушілердің ақылға сыйымсыз іс-әрекеттеріне және олардың тарапынан болып туратын
зорлық-зомбылықтарға қарсылық көрсетеді. Сол себепті оқу-ағартушылыққа, ақылға
сыйымды жүйедегі әкімшілік құрған абзал, ал бұл әкімшілік «табиғат заңдарына», яғни
ақыл-парасатпен келісім жағдайына бағыт-бағдар ұстай отырып, шешімдер қабылдаған
және қоғамдық үдерістерді бағыттаған болар еді.
6
Реформа идеясы көріністерінің бірі және осы идеяның пайда болу мезетіндегі айқын
бейнеленуі «civilisation» ұғымы болып табылады. «Homme civilise» жайлы түсініктер
ғұрыптардың күллі жиынтығын және қоғамдық хал-ахуалдың жай-күйін білдіретін
концептуалдық ұғым-түсініктің деңгейіне дейін өрістейді, бұл әуелгіде аталған қоғамның
сыншыларының өзгеше оппозициялық көзқарастарының көрінісі ретінде қызмет етеді.
Бірақ, осының баршасына да әлдебір өзгеше нәрсе, нақты айтқанда, үкіметтің ойына
келген жарлықтарының көмегімен елді басқара алмайтындығын, егер оның шығарған
жарлықтары осы күштердің және заңдылықтардың дәлме-дәл білімімен үйлеспей жатса,
жасырын әлеуметтік күштердің дереу қарсылық көрсететіндігін айғақтайтын тәжірибе
келіп қосылады. Бұл - ең абсолютті деген үкіметтердің өзінің қоғамдық дамудың және сол
бір ызаның, сол бір шым-шытырық тың мұқтаждық пен кедейліктің тәжірибесінің өсіп-
өрістеу қарқынының алдындағы дәрменсіздігінің тәжірибесі, ал булардың оз кезегінде ел
билеушілердің жүгенсіз, «табиғатқа қарсы», «ақылға қонымсыз» қадамдарына жол ашары
анық. Аталған тәжірибе, жоғарыда айтылып өткендей, физиократтардың қоғамдық
үдерістер заңды түрде, табиғи құбылыстар осы тектес жағдайда жүріп өтеді деген
идеясында өз мазмұнын тапты. Сонымен бір мезгілде бүл тәжірибе «civilisation» түрін -
«civilise» түбірінен туындайтын, оған әлдебір жеке құбылыстың шеңберінен шығып
кететін мағына үстейтін зат есімді қабылдап, өзінше белгілейді.