Page 30 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. Норберт ЭЛИАС. Өркениеттің үдеріс

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
өкілдерінің бірі Форбонне болып табылады. Алайда, оны пікірлестерімен қоса кеденнің
қорғаныстық қызмет атқаратындығын атап көрсетуіне бола «тықақшылдардың» қатарына
жатқыза қою екіталай нәрсе. Форбонненің физиократтармен арада жүргізген
пікірсайыстарында қазіргі заманғы индустриалдық қоғам үшін тән саналатын
айқындамалардың алшақ кетуі өз мәніне ие болды, яғни, бұларда мүдделердің екі тобы
арасындағы - еркін сауда мен протекцияны жақтаушылар арасындағы күрес ұдайы
жаңадан орши түспек. Екі топ та орта топтардың реформаторлық қозғалысына жататын.
Екінші жағынан, бейне бір күллі дерлік буржуазия реформаларды қалады, ал ақсүйектер
оған қарсыласып бақты деп пайымдасақ, бұл қате растау болып шығар еді.
Реформалардың барлық талпыныстарына елеулі қарсылық көрсеткен үшінші сословие
топтарының бірқатары өмір сүрді: олардың тіршілік етуі «ancien regime» мазмұнының
бұрынғы кескін-келбетінде сақталып қалуына байланысты болатын. Бұл топқа бәрінен
бұрын шенеуніктердің басым бөлігі жатқызылды, екінші сөзбен айтқанда - «noblesse lie
robe», - олардың лауазым орындары қазіргі таңдағы фабриканың немесе фирманың отбасы
иелігі қаншалықты дәрежеде болып табылатындығы сияқты отбасылық меншік болып
есептелетін. Олардың қарауында цехтық корпорациялар да, қаржыгерлердің едәуір бөлігі
де бар болатын.
Осы жасалып отырған бүкіл шолу бір маңызды жай-жапсарға мегзейді: Францияда сол
кезеңнің буржуазиялық топтары енді маңызды саяси роль атқара бастаса, ал Германияда -
олай болмайды. Мұнда, яғни Германияда зиялы қауымның атқаратын іс-қызметі рух пен
идеялардың өрісімен шектеліп отырса, Францияда сарай маңындағы буржуазиялық зиялы
қауымның ойы, барлық қалған адами мәселелермен бірге әлеуметтік, экономикалық,
әкімшіліктік және саяси мәселелерге үн қосады. Неміс ойының жүйелері таза ғылыми
ізденістердің одан да артық үлгісі бола алады. Олардың әлеуметтік мазмұндағы өріс алар
кеңістігі университет болып табылады. Физиократтардың ілімі ретінде өзінің әлеуметтік
кеңістігі деп сарай мен сарай маңындағы қауымды санайды, және оның өзгешелікті
мақсаты корольге немесе оның ашынасына қатысты жағдаят болып шығады.
5
Кене мен физиократтардың негізгі ой-мұраттары бұрыннан белгілі нәрсе. Кене өзінің
«Tableau economique» деп аталатын еңбегінде қоғамның шаруашылық өмірін бірыңғай аса
немесе кем түрдегі оқшау үдеріс ретінде, өндірістің, игіліктерді болу мен өндірудің
тұйықталған жағдайдағы айналымы ретінде ұсынады. Ол ақыл-ойға қонымды
ұйымдастырылатын адамдардың бірлескен кәдуілгі заңдары жайлы тілге тиек етеді. Осы
ой-мұратқа (идеяға) сүйене келе, Кене ел билеушілер өз жүгенсіздіктерімен экономикалық
айналымға килігіп араласпауы үшін күреседі. Ол осылай ете отырып, бұлардың осы
заңдылықтарды, танып-білуін және аталған үдерістерді білместіктен әрі пайданы ғана
көздеп жарлықтар шығармауы үшін, тиісті жолға бағыттап отыруды тілейді. Ол еркін
сауданы, әсіресе астықпен сауда жасауды талап етеді, өйткені, оның ой-пікірі бойынша,
өзін-өзі реттеу, күштердің еркін ойыны тұтынушылар мен өндірушілер үшін,
провинциялар мен елдердің арасындағы қисапсыз кедергілермен шектеу міндетті түрде