Қазақстанның ашық кітапханасы
шенеуніктерінің бірқатары қазіргі жүйенің бейбастақтығын мойындайды. Лауазымдық
сатының ұшар басынан біздер анағүрлым озық сипаттағы бейнені тапқандай боламыз -
бұлар провинцияларды басқарушы интенданттар, «ancien regime» кезеңіндегі бірден-бір
қазіргі заманғы шенеуніктердің өкілдері.
Басқалардан айырмашылығы, бүл лауазым орындары ешкімге сатылған емес және осылай
бола отыра мұрагерлікке айналған да емес. Әкімшіліктің озық элементтері зор мәнге ие
болып отырды, өйткені олар сарай мен елде елеулі бола түскен реформаларға ұмтылыс
білдірушілердің арасындағы байланыстырып тұрған буынға айналды. Интенданттар
тікелей немесе жанама түрде болсын, министрлік орындарды қоса алғанда, негізгі
лауазымдар үшін сарай айналасындағы сұрқия топтардың жүргізген күресіне қатысты.
Бұрынырақта бұл күрестің салыстырмалы түрде өзіндік өзгешелігі жоқ саяси қарама-
қарсы тұрушылық сипатқа не бола қоймағандығы туралы айтылып, партиялар
парламенттерде әртүрлі мүдделерді білдіретін. Алайда, сарай айналасындағы лауазымды
орындар мен ықпал-билік үшін күресіп жатқан сарай маңындағы топтар бүкіл елдің қалың
топтары мен жіктерін танытуға қызмет етуші әлдебір қоғамдық формацияларды құрап-
қалыптастырған еді. Сөйтіп, реформаторлық үрдістер сарай маңында да көріне бастады.
XVIII ғасырдың екінші жартысында корольдер қалай басқарғысы келсе, солай басқаратын
жеке-дара билеушілер болудан қалды. Людовик XIV билеушінің кезіндегіге қарағанда,
олар әлеуметтік үдерістің аманатқа алынушылары ретінде қалып қойды және сарай
маңындағы сұрқия топтарға, немесе фракцияларға тәуелді болып отырды. Соңғылары
көбіне-көп жағдайда бүкіл ел бойынша кеңінен қолдау тапты және буржуазиялық топтар
арасында тамырын тереңге жая берді.
Физиократтардың ілімі фракциялардың осы күресінің теориялық көрінісі болды. Ол
ешқандай түрде де айрықша экономикалық ілімді әйгілеп, саяси және әлеуметтік
реформаларға бағытталған әрі кеңінен ойластырылған жүйеге айналды. Онда өткірлене
түскен, бұлдыр әрі қасаң орнықтырылған жүйедегі идеялар айтылды, олар - пәлендей
сабақтастылықпен дами түспеген, теориялық тұрғыдан ғана және қасаң тұжырымдалған,
ең алдымен реформалардың іс жүзіндегі талаптары түрінде көрініс беретін - бұлар Тюрго
елдің қаржы жүйесіне басшылық еткен тұстағы кезең қозғалысы үшін тән сипаттар еді.
Бірыңғай ұйым ретінде де қозғалыс ортақ атауға ие болған жоқ, бірақ оны реформатор
шенеуніктердің қозғалысы деп атауға болар еді. Алайда, олардың артында ешбір күмән-
күдіксіз зиялы қауымның бір бөлігі мен саудамен шұғылданатын буржуазия тұрды.
Реформаны жақтаушылардың өздерінің арасында да пікірлер бойынша біршама
айырмашылықтар болды.
Олардың арасынан салық жүйесін және мемлекеттік аппараты реформалауды қалайтын
жандар да табылушы еді, бірақ булар сонымен қатар физиократтарға қарағанда зор
протекционист (протекционизмді жақтаушылар) болатын. Осы бағыттың көрнекті