Қазақстанның ашық кітапханасы
ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
НОРБЕРТ ЭЛИАС
Норберт Элиас (Elias) (22 маусым 1897, Бреслау - 1 тамыз 1990, Амстердам) - неміс
социологы әрі мәдениет философы. 1924 жылы Бреслау университетінде Р.
Хенгисвальдтың басшылығымен философия бойынша бірінші диссертациясын қорғаған.
Содан соң Гайдельбергте және Майндағы Франкфуртта көмекші қызметкер болып жұмыс
істеген. Сол кездің өзінде-ақ ол өзінің жетекшісінен Канттың сана, ұғым, түсінік
(априори) тәжірибеден бұрын жүзеге асады деген көзқарасы бойынша екеуара болған
бітіспес пікірталаста принципті түрде алшақ кетеді. Ол , ұстазымен ат құйрығын
осылайша кесісіп, философияны мүлде тәрк етеді. 1925-1930 жылдары Элиас
Гайдельбергте социологияны А. Веберден оқып-үйренеді, одан кейін Майндағы
Франкфуртта болған кезінде К. Маннхаймнан білімін ұштайды. 1933 жылы ол К.
Маннхаймның басшылығымен екінші диссертация бойынша жұмысын тәмамдайды, бірақ,
бұл мезгілде билік басына ұлтшыл-социалистер келген еді және осы себептен де оның
шыққан тегі еврей болуына байланысты еңбегін Германияда қорғауға мүмкіндік жоқ
болатын. Ол әуелі Парижге, одан кейін 1935 жылы - Лондонға эмиграцияға кетеді. Бұл
жерде ол өзінің Өркениеттің үдерісі туралы. Социогенетикалық және психогенетикалық
зерттеулер» атты басты еңбегін аяқтады. Алғашқы томды өз ақшасына 1937 жылы басып
шығарса, 1939 жылы екі том да Базельде (Швейцария) I арық көрді. Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін Элиас Лейчерсте социология доценті болып жұмыс атқарады әрі
социология жөніндегі бірқатар еңбектерін жариялайды. 1962 жылдан бастап 1964 жылды
қоса алған кезең аралығында ол Аккрада (Гана) университет профессоры кызметін
атқарады. 1964 жылы Элиас оз отанында көпшілікке арналған баяндамамен сөз сөйлеу
мүмкіндігін иеленеді. Осыдан соң оны Нидерланды мен Германия елдерінің
университеттері өздеріне дәріс оқуға шақырады. Ол көпке танымал бола түседі, ал 1977
жылы оған Майндағы Франкфурт қаласынан Теодор Адорно сыйлығы тағайындалады.
Зейнетке шыққан соң Амстердамға қоныстанады. Кей кездері университеттерде, көбіне-
көп Бнлефильдте курстар оқып тұрады. Н. Элиастың негізгі шығармалары мыналар:
«Билік басындағылар және шеткі ойыншылар» (1965), «Сарай маңындағы қауым» (1969),
«Социология дегеніміз не» (1970), «Биге шақыру және қашықтық ұстау. Білім
социологиясы жөніндегі жұмыстар. I» (1983), «Уақыт жайлы. Білім социологиясы
жөніндегі жұмыстар. II» (1984), «Қоғам және жеке адам» (1987) және басқалары.
ӨРКЕНИЕТТІҢ ҮДЕРІСІ ТУРАЛЫ. СОЦИОГЕНЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ
ПСИХОГЕНЕТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
I Тарау
Германиядағы «мәдениет» пен «өркениетті» қарсы қоюдың әлеуметтік түп-төркіні
I. Кіріспе
1
«Өркениет» ұғымын сан алуан жәйттерге: тәсілдің, үлгінің жай-күйіне, ғылыми танымның
дамып-өрістеуіне, діни ой-мұраттар мен әдет-ғұрыптарға қатысты қолданады. Ол тұрғын
үйдің үлгісіне немесе еркек пен әйелдің бірлесіп тіршілік етуіне, соттық жазаның
түрлеріне немесе ас әзірлеуге де қатысты бола алады. Қатаңырақ айтқанда, «өркениетті»
немесе «өркениеті емес» түрде болып көрінбейтін ештеңе де қазір түгел дерліктей жоқ