Қазақстанның ашық кітапханасы
маңындағы дәстүрдің шеңберінде қалып қояды. Ол аталған дәстүрді жақсартуды,
жаңартып-жетілдіруді, қайта құруды қалайды. Руссо сияқты осындай шетқақпай
көргендерден ойымызды басқа жаққа бұрсақ, онда ол мүлде өзгеше мақсат-мүддені алға
тартпайды, үстемдік етуші үлгіге өзіндік үлгіні қарама-қарсы қоймайды. Оның мақсат-
мүддесі мен үлгісі болып қазіргі болып жатқан жайлардың үлгісі саналмақшы. «Fausse
civilisation» тұжырымдамасының өзінде оның бағдарламасының немістік қозғалыстың ой-
мұраттарынан күллі айырмашылықтары айқын сезіледі. Аталған түсінікте жалған
өркениеттің орнына ақиқат өркениетті қою керек деген ой тұжырылған. Бұл арада
«hоmmе civilise» пен адамның түбегейлі жаңаша тұрпатын - немістік буржуазиялық зиялы
қауым өсіріп-тәрбиелеп шығарған - «білімді адам» және «жеке тұлға» ұғымдарынан
айырмашылығы - мұнда қарама-қарсы қоюшылық жоқтың қасы. Керісінше, сарай
маңындағы үлгі оны салып аяқтау және тасымалдау үшін қажет болып есептеледі. Бүл
жырымдама ондағы өзі жазып отырған, ондағы өзі күрес жүргізіп келе жатқан сарай
маңындағы қоғамның қарым-қатынастар желісімен тікелей немесе жанама түрде
қамтылған сыншыл зиялы қауымға меңзейді.
II. Физиократтар ілімінің және француздық реформалар қозғалысының әлеуметтік
тұрғыдан пайда болуы хақында
4
Францияда XVIII ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан хал-ахуал жайлы еске алып
қарайық. Францияның басқару негізінде жатқан және оның салықтық жүйесі мен кедендік
жүйесін анықтаушы қағидалар жалпы әрі тұтас алып қарағанда Кольберг заманынан бері
еш өзгерген емес. Бірақ, содан бері биліктің ішкі қарым-қатынастары, елдің мүдделері,
қоғамдық құрылымы едәуір өзгерістерге ұшырады. Қатаң сипаттағы ұлттық экономиканы
шетел бәсекелестігінен сақтауға тырысатын саясат, ұлттық мануфактуралар мен кәсіпті
шетелдік бәсекелестіктен қорғау француз экономикасының дамып-өркендеуіне ықпал етті.
Бұл шаралар жиналатын салықтар мөлшерінің өсе түсуіне себін тигізіп, король мен оның
сардарларының негізгі ұмтылыс-талаптарына сай келіп отырды. Астықпен сауда жасауға
шектеулер қою, монополияларды енгізу, астық қоймаларын сақтау жүйесі, провинциялар
арасындағы кедендік кедергілер - осылардың барлығы да жергілікті мүдделердің
сақталуына қызмет етіп, ең алдымен Парижді құрғақшылықтың болуы ықтимал
салдарларынан, қымбатшылықтан, аштықтан жөне ашаршылық бүліктерінен қорғап
отырды және Францияның осы бір маңызды саналатын ауданында билік ықпалының
түбірінен шайқалмауын қамтамасыз етті.
Осы уақытқа қарай капитал да, елдің халық саны да өсті. Сауда жүйесі анағүрлым
шоғырлы әрі ауқымды сипатқа ие болды, өнеркәсіптік іс-қызмет жанданды, қатынас
жолдары жақсарды. Шаруашылықтық өзара байланыстар мен француз провинцияларының
өзара тәуелділігі Кольбергтің заманымен салыстырғанда анағұрлым тығыз бола түсті.
Буржуазияның дәстүрлі салықтық және кедендік жүйелерінің қол астында өсіп-өнуіне
қарамастан, буржуаның бір бөлігі бұл жүйелерді кедергі мен мағынасыздық жүйелері
ретінде қабылдай бастайды. Жер иеленуші дворяндардың Мирабо секілді алдыңғы
қатардағы озық ойлы өкілдері астық шаруашылығындағы тықақшылдық шектеулердің
пайдасынан гөрі зиянын байқап-біледі; олар сауданың неғұрлым еркін дәрежеде дамыған
ағылшындық жүйесінен көп нәрсеге үйренеді. Тіпті әкімшіліктің жоғары лауазымды