Қазақстанның ашық кітапханасы
өйткені, «homme civilise» деп өзімен бірге сарай маңындағы қауымның ой-мұратын
білдіретін, «honnet homme» деп аталатын аздаған кең түрдегі адами тұрпат тұспалданады.
«Civilise» ұғымы «cultive», «роіі» немесе «police» сияқты ұғымдарға тең дәрежедегі,-
мүлде дерлік синонимдік ұғымдардың мән-маңызы, олардың көмегі арқылы сарай
маңындағы жандар бірде тар, бірде кең мағынада өзіндік мінез-құлықтың ерекшелікті
сипаттарын белгілеген. Солай ете отыра, олар өзіндік үлгілердің асқақтығын, өз
«стандартын» неғұрлым төменгі әлеуметтік орындарды иеленген анағұрлым қарапайым
адамдар топтарының ғұрыптарына қарама-қарсы қойды.
«Politesse» немесе «civilise» секілді ұғымдар «civilisation» ұғымы пайда болып, орнығып
кеткенге дейін онымен ұқсас функцияға ие еді: олар Европаның жоғары тобының сана-
сезімін, оның анағұрлым қарапайым әрі қарабайыр адамдардан айырмасын білдіруге тиіс
болатын. Сонымен қатар олар осы жоғары топтың мінез-құлқының барлық неғұрлым
қарабайыр әрі қарапайым адамдардың өзгеше мінез-құлқынан өзгеше айырмасын
сипаттауға тиіс еді. Мирабоның ендігі ой-пікірі барлық анық-қанығымен қоса, өркениет
ұғымының алғашқыда сарай маңындағы сана-сезімнің басқа көріністерімен қаншалықты
тікелей байланысқандығын көрсетеді: «Өркениет» дегеніміз не деп сұрағандар, әдетте,
өздеріне мынадай жауап алады: «adoueissement des moeurs», «politesse» және осы
сияқтылар»,- деп жазады ол. Руссодағы сияқты Мирабонда да - мейлі аздаған бәсең
сарында-ақ бола берсін - бұл бағалар теріске шығарылады. Оның мағынасы былайша:
сіздер солай мақтан ететін әрі сіздер осылай санайтын өздеріңіз бен өркениетіңіз, сіздерді
барынша қарапайым жандардан жоғары қойып, тәкаппар етеді, қандай да бір құнды
ешнәрсені білдірмейді...
Таза күйде «қарапайым адамға», «жабайы жанға» жасалатын қарым-қатынас XVIII
ғасырдың екінші жартысындағы ішкі әлеуметтік қарсы тұру жағдайында символ мәнді
бола түседі. Руссо құндылықтардың үстемдік құрушы тәртібіне мейлінше қатаң дүрсе қоя
берді, бірақ осы себепті оның француз зиялы қауымының сарай маңындағы -
буржуазиялық реформаторлық қозғалысы жөніндегі көзқарастарының мәні бейсаясат
сарындағы, бірақ, Германиядағы буржуазиялық зиялы қауымның түбегейлі рухы
саласындағы баға беруге қарағанда, мән-мағынасы аз болды. Өз сыны түбегейлі
болғанымен де, Руссоның қоғамы пікірталас өзіне қарай қарсы бағытталып отырған
қандай да бір жеке ұғым-түсінікті алға қойған емес. Мирабо осындай ұғым-түсінікті
тудырды немесе, тым болмағанда, оны алғаш болып баспа шығармасында пайдаланды
(әңгімелерде оны бұрынырақта да пайдаланған болар еді). «Homme civilise»-тен ол
қоғамның жалпыға ортақ сипаттарын беретін түсінікті - «өркениет» ұғымын иеленеді.
Бірақ, онда, қалған физиократтардағыдай қоғамның сыны әлсіз сипатты білдіреді. Бұл -
реформашылдарға тән сын. Егер немістік буржуазиялық зиялы қауым, тіпті кітаптарда
кездесетін арман-аңсарларда болсын, жоғары тұрған қауымның үлгілерімен арасы мүлде
алшақ кететін түсініктерді шегелеп-орнықтырып тастаған болса, және саяси бейтарап
күйдегі негізде болып өтетін шайқастарды (өйткені саяси-әлеуметтік деңгейдегі осы
арман-тілектерді биліктің қазіргі институттары мен қарым-қатынастарының шеңберінде
жүзеге асыру үшін оның құралдары түгілі, іс-қимыл жүргізу кеңістігі де болмай отыр)
жүргізсе, егер оз кітаптарында жоғары қоғамның адами бет-бейнесіне оның
«өркениеттілігін», өзіндік ой-мұраттарын және мінез-құлық үлгілерін қарсы қойса,
Францияның сарай маңындағы реформашыл зиялы қауымы ұзақ уақыт бойы сарай