Қазақстанның ашық кітапханасы
неғұрлым қатаң сипатта мейлінше аулақ ұстаса, бұл себептілік немістік буржуазияның
біршама экономикалық әлсіздігімен, оның қолында мемлекеттегі басты айқындамаларға
апаратын негізгі тұтқаның болмауымен байланысты екендігін көріп-байқаймыз.
3
Француз қоғамының құрылымы енді-енді бас көтеріп келе жатқан оппозицияның (ал бұл
шамамен XVIII ғасырдың орта шенінен бастап өсіп-өркендеді) тіпті жоғары қауымға
жататын сарай маңындағы топтардың ішіне ену мүмкіндігін де паш етті. Бұл
оппозицияның өкілдері әлі де болса партиялар құрып, басы бірікпеген болатын - "ancien
regime» институттарына саяси күрестің басқа әдіс-тәсілдері сай келетін. Оппозицияшылар
нақты да айқын ұйымдастырылмаған сарай маңындағы сұрқия топтарды кұрады, олар
жекелеген адамдарға және неғұрлым кең . ауқымдағы сарай маңындағы және елдің өз
ішіндегі топтарға арқа сүйеді. Қоғамдық мүдделердің айырмашылығы осындай сарай
маңындағы сұрқия топтардың күресінен анық көрінді, және, әрине, ол әр алуан жекелей
талап-талпыныстардың бір-біріне араласып кетуі салдарынан түрлердің айқындығымен
онша даралана қойған жоқ.
Француздың «өркениет» ұғымы немістің «мәдениет» ұғымы секілді XVIII ғасырдың
екінші жартысындағы оппозициялық қозғалыстың шеңберінде пайда болып, қалыптасты.
Алайда, оның түзілу барысы, функциясы мен мән-мазмұны екі елдің орта топтарының
өмірлік жағдаяттары мен іс-әрекеттері қаншалықты бір-бірінен алшақ болса, немістік
ұғымнан да соншалықты деңгейдегі айырмаға ие болады.
Өркениет ұғымы алғаш рет француз жазушыларының шығармаларында ұшырасқан кезде
оның көп жағдайда, көп жылдар кейін Канттың «өркениетке» қарама-қарсы қоятын сол
бір мәдениет ұғым-түсінігін еске түсіретіндігі қызғылықты жәйт. «Civiliser» етістігінің
«civilisation» ұғымына айналып кетуін алғаш рет әдеби түрде айғақтау, қазіргі заманғы
жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында Мираболардың
үлкені ашқан жаңалық екен...
Ғұрыптардың нәзіктігі, сыпайыгершілік, жақсы үлгілер осының барлығы да, Мирабоның
ой-пікірі бойынша, рақымшылықтың бетпердесі ғана, оның айқын жүзі емес. Өркениет,
егер ол рақымшылыққа арқа сүйемесе және оның кескін-келбетін өзінде сақтамаса,
қоғамға ештеңе де бермейді. Бұл нәрсе сарай маңындағы тәрбиешілдік үрдісіне қарсы
шығып, Германияда сөйлегендердің сөз сарындарына өте-мөте ұқсас. Мирабодан біздер
осы тектес қарама-қарсы қоюшылық белгісін табамыз: бұл қарама-қарсы қоюшылықтың
мәні мынада, адамдардың басым бөлігі өркениет деп санайтындарға, нақты айтқанда,
сыпайыгершілік пен жақсы үлгілерге төмендегіше мақсат-мүдде қарама-қарсы тұрады,
осы (мақсат-мүдде) үшін ғана күллі Европаның орта топтары бір жұдырықтай жұмылып
сарай маңындағы ақсүйектер қауымына қарсы шығады. Бұл күресте заңды деп
танушылық үшін рақымшылық ұғымы қызмет етеді. Кантта белгіленгендегідей,
«өркениет» бұл арада сарай маңындағы ақсүйек қауымның ерекше сипаттармен түйіседі: