Қазақстанның ашық кітапханасы
мәдениетті көріп байқады. Франциядағы буржуазия өкілдері барынша дамыған әрі
ауқатты дәрежедегі адамдар болатын. Олардың зиялы қауымы ақсүйектік қауым ғана
болып қойған жоқ, сонымен бірге буржуазиялық кітап оқушы қауым да бола білді.
Үшінші топтың сословиенің кейбір басқа формацияларына тең дәрежеде бұл зиялы
қауымның өзі де сарай маңындағы топтардың арасына сіңіп, жұтылып кете барды. Нақ
осы себептен де, күллі ұлтқа өзінің мінез-құлық тәсілін бірте-бірте таратқан немістік орта
топтар өз сарайларының жанында болып жатқан жайларды байқап-білгендерін екінші
қатардағы нәрсе деп санады (немесе олардың оршу сезімдерімен қарама-қайшылыққа
түсіп отырған құбылыстардың барлығын да жоққа шығарып отырды); ал енді жоққа
шығарылып отырған нәрсенің өзі көрші ұлттың мінезі ретінде қабылданса, онда аталған
ерекшеліктер әлдебір артық немесе кем түсіп жататын кісі ұяларлықтай жәйттерге дейін
ауысып түрленіп, өзгеріп отырмақшы.
2
Бар болғаны кереғарлық қана тәрізді болып көрінетін жай-жапсар ретінде мынадай
фактіні лайықты түрде бағалай кетуге болады, ол бойынша бағалағанда, Германиядағы
буржуазия мен ақсүйектер қауымы арасындағы әлеуметтік кедергі зор болып, адамдардың
тіл табысып араласуы мен байланыс жасауы сирекси түсті, ал ғұрыптардағы ара-жіктер
анағүрлым елеулі дәрежеде алшақтай берді, бұл топтардың теке-тіресушілігі ұзақ уақыт
бойы ешбір саяси мазмұнда көрініс таппады, ал бүл уақытта Францияда сословиелер
арасындағы кедергілер деңгейі неғұрлым төмен, ал байланыстар теңдессіз дәрежеде жиі
әрі терең болып, буржуазияның саяси белсенділігі өзі жайлы ертерек мәлімдеп қойды,
және сословиелердің бір-біріне қарама-қарсы тұрушылығы хал-ахуалдың саяси тұрғыдан
шешілу ахуалына пісуі жетпеген мезгілде алып келді.
Бұл кереғарлық тек болып отырған жай тәрізді көрінбек. Корольдердің ұзақ уақыттар
бойы француз дворяндығының саяси функцияларын шектеу бойынша жүргізіп келе
жатқан саясаты, сол сияқты өкілдерінің жоғары деңгейдегі үкіметтік билік орындарын
иеленгенге дейінгі аралықта аталған буржуазияның басқару ісіне ерте атсалысуы, оның
тигізген ықпалы мен сарайдағы биік абырой-беделі - осылардың барлығы да бірқатар
салдарларды өзімен бірге ала келді. Оларға ұзақ уақыт кезеңінде жүргізіліп келген әр
түрлі әлеуметтік тұрғыдан пайда болу элементтерінің тығыз шектесуі, бір жақтан, және де
тиісті қоғамдық хал-ахуал пісіп-жетілген кездегі мезетте бой көрсеткен буржуазиялық
элементтердің саяси белсенділігі,- екінші жақтан, жатады. Тағы да бір, неғұрлым ертерек
салдар - нәтижесі - бұл француз буржуазиясы бастан өткерген және оны саяси
категориялармен (болмыстың жалпы белгісі туралы ғылыми ұғымдармен) ойлай білуге
үйреткен байсалды да байыпты саяси мектеп еді. Неміс мемлекеттерінде бәрі де керісінше
болып отырды. Жоғары лауазымды үкіметтегі орындар коп жағдайларда дворяндардың
еншісіне тиді. Франциядан айырмасы сол, неміс мемлекеттерінде дворяндық сонымен
қатар шешуші әкімшіліктік роль атқарды. Оның дербес сословие ретіндегі күші
Франциядағыдай аса елеулі дәрежеде әлсіреп көрген емес-ті. Және керісінше, Германияда
XIX ғасырдың өзіне дейін буржуазияның экономикалық күш-қуаты салыстырмалы түрде
алғанда онша зор бола қоймаған еді, және де оның сословиелік айқындамалары өзінің
тұрлаулы беріктігімен пәлендей көзге түсіп, аса ерекшелене бермейтін. Германияның
әлеуметтік тұрғыдан жүзеге асырылған өзара араласу барысы жағдайларында сарай
маңындағы ақсүйек қауым Францияға қарағанда өзін буржуазиялық элементтерден