Қазақстанның ашық кітапханасы
Францияда буржуазиялық зиялы қауым мен орта таптың жоғары топтары салыстырмалы
түрде қарағанда сарай маңындағы қауымның шеңберіне ертерек енеді. Әлбетте,
француздық дәстүрде де немістің дворяндық қауымын қалған басқа топтардан ажыратып -
аулақтату үшін пайдаланылып келген ескі әдіс-құрал,- ата-текті тексеру болды (соңыра
буржуазиялық түрде өңдеуден өтіп шыққан бұл қару немістің нәсілдік заңнамаларында
жаңаша өмір сипатын иеленді). Бірақ ол бұл кезде топтар арасында болатын кедергі
ретінде шешуші роль атқарған жоқ - әсіресе, абсолюттік монархия орнағаннан және
нығайған кезеңнен кейін. Егер, Германияда оның сословиелерге қатаң бөлінуімен қоса
шығу тегі жағынан ақсүйектік құндылықтардың буржуазиялық топтарға бойлай енуі тек
аздаған салаларда, айталық әскери салада байқалса, онда Францияда бұл үдеріс мүлде
өзгеше ауқымға ие болған еді. Тіпті XVIII ғасырдың өзінде бүл жерде буржуазияның
жоғары қауымы мен сарай маңындағы ақсүйектердің әдет-ғүрыптарында пәлендей бір
анау айтқандай айырмашылықтар бола қойған емес. XVIII ғасырдың орта шенінде
буржуазияның өрлеу жағдайы басталған кезде, басқаша айтқанда, сарай маңындағы
қауымның оған буржуазияның жоғары топтарының дендеп енуі жолымен ұлғаюы жүзеге
асқан шақта, мiнeз-құлықпeн ғұpыптapдың өзгepici XVII ғacыpдың сарай маңындағы -
ақсүйектер қауымымен екіге жарылып, айырылуға әкеп соқтырды. Сарай маңындағы
буржуазия мен сарай маңындағы ақсүйектер қауымы бәз-баяғы бір тілде сөйлеп, бәз-
баяғы кітаптарды оқыды, өзгешеліктерінде кездесетін айырмаларда - сол бір мәнерлерді
ұстанды. Әлеуметтік-экономикалық үйлеспеушіліктер мен институционалды «ancient
regime» түрлері күйреп-талқандалған уақытта, буржуазия ұлтқа айналған уақытта, ерекше
сарай маңындағы түр-мазмұнның және тіпті де сарай маңындағы ақсүйек қауымның
айрықша әлеуметтік қырларының сыр-сипаттары кең таралды және әсіресе, ол кейінірек
ұлттық мәндегі мінезге ауысып отырды. Мінез-құлық стилінің, адамдармен араласу
түрлерінің шарттылықтары, өршу сезімдерін модельдеудің тәсілдері, сыпайыгершіліктің
жоғары бағасы, шешендік пен әңгімені шебер жүргізудің маңыздылығы, тілдің дыбысталу
қызметі және басқа да көптеген жайлар бастапқыда Францияда сарай маңындағы қауым
арасында кұралып-қалыптасты, содан соң барып бірте-бірте ұлттық мінез нышандарына
айналды.
Ницше осы аталған жағдайда ұшырасып отырған айырмашылықтарды көрсетіп берді.
«Көңілді ғылымда» (101 үзінді) ол мынаны байқайды: «Әлдебір сарай маңайларында ол
таңдаулы сөз мәнерін келтірсе, ал онымен бірге барлық жазумен айналысатын жандар
үшін стиль нормасын да келтірді. Бірақ, сарай маңында қалыптасқан тіл ешқандай
мамандығы жоқ әрі ғылыми тақырыпқа байланысты қозғалатын әңгімелерде барлық
ыңғайлы техникалық қалыптасқан сөздерді өзіне-өзі қолдануға тыйым салатын патша
сарайының лауазымды қызметшісінің тілі деген сөз, өйткені, бұл сөздер мамандық
арқылы беріледі; осыдан барып техникалық соз мәнерінің үлгісі пайда болады және маман
тілінде сөйлеушілік сарай маңындағы мәдениет үлгілері өрістеген елдерде стильге түскен
қандай да бір ақтаңдақ болып есептеледі екен. Қазіргі шақта, күллі сарайлар жалпы әзіл-
әжуаға айналған кезде Вольтердің өзі де осы жерде әдеттен тыс паңдықты және
тықақшылдықты байқап-біліп, оларды анықтағандығы таңырқауға турарлық... біздің
барлығымыз да сарай маңындағы талғам құрсауынан босап шықсақ, ал Вольтер оның
тәмамдаушысы болған екен ғой».
Германиядағы орта тапқа жатқан және жоғары қарай талпынып ұмтылған, арнаулы білімді
университеттерде алған XVIII ғасырдың зиялы қауымы өнер мен ғылымда өзін лайықты
таныта білді. Булардан ол өзі атқарған жеке іс қызметтің жемісін, өзіндік ерекше