Page 23 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. Норберт ЭЛИАС. Өркениеттің үдеріс

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Неміс тіршілік ету үшін өмір сүреді, ағылшын өкілдік ету үшін өмір сүреді. Неміс өзі үшін
өмір сүреді, ағылшын - өзгелер үшін».
Сірә да, осы ойлардың Эккерман мен Гёте белгілеген қарама-қарсылықпен дәлме-дәл
келіп жатқандығына көңіл аударған жөн-ақ шығар. «Мен әдетте қоғамға өз
сүйсінулеріммен және жиренулеріммен бірге еніп отырамын»,- дейді Эккерман.
«Тәрбиелілік пен ағартушылық нені білдірген болар еді, егер де біз туабітті
бейімділіктерімізді жеңіп шығуға тырыспаған болсақ»,- деп жауап береді Гёте,
басқалармен үйлесімді араласып, тіл табысудың қажеттілігін атап көрсете отырып.
«Ағылшын,- деп жазады Фонтане,- мыңдаған қолайлылықтарды иемденіп алған, бірақ
оған тыншу жоқ. Байсалды тыныштықтың орнын атаққұмарлық басқан. Ол қабылдауға
жөнелуге қашанда әзір... ол күніне үш мәрте кәстөмін ауыстырады; дастарқан басында -
sitting және drawingroom басында - ол сыпайылықтың белгіленіп қойылған ережелерін
сақтайды; бұл арада ол жақсы мінезді адам, мектепке барғанда алдымызда тұратын
мұғалім іспетті сыртқы пішіні айбарлы. Бірақ осы жайға қатысты біздің таңырқауымыз
қаншалықты болса да, буған біздің ұсақ буржуазия жайлап алған Германиямызға деген
сағыныш аңсары келіп қосылады, бүл елде түрлерге бөлінбейді, бірақ оның есесіне
тамаша жанға жайлы тыныштықта өмір сүре біледі».
«Өркениет» ұғымы бұл арада еске алынбайды, немістік мәдениетке деген сілтеме
атауымен жоқ. Бірақ, бұрынғы айтылып кеткен ой-пікірлерден біздер «өркениет» және
«мәдениет» ұғым-түсініктері өздігінше алып қарағанда жеткіліксіз, алайда өзара
байланыстардың ауқымды желісімен өзектестігін анықтаймыз. Бұл қарама-қарсылық
немістік сана-сезімнің көрінісіне айналды. Ол өзін заңды деп санаудағы, барлық
кездесетін мінез-құлықтық түрлердегі, айырмашылықтардың бар екендігіне меңзейді,
бұлар көбіне-көп (егер айрықша болмаса) әуелгіде Германияның өзіндегі белгілі бір
топтардың арасында, ал содан соң неміс ұлты мен басқа ұлттар арасында құралып-
қалыптасқан қарым-қатынастардың ерекшелік мазмұнына өзінің өзгешелігімен міндетті
болып қала бермек.
II Тарау
Франциядағы «civilisation» ұғымының әлеуметтік түп-төркіні
I. Француздық «өркениет» ұғымының әлеуметтік түп-төркіні туралы
1
Германиядағы ақиқат білімділік пен мәдениетті, бір жақтан, және таза күйдегі сыртқы
өркениеттілікті - екінші жақтан, қарама-қарсы қоюдың себептері ішкі қоғамдық қарсы
тұрушылықты кейіптеуден ұлтаралық қарама-қарсы тұрудың көрінісіне айналды, егер де,
француз буржуазиясы жүріп өткен және белгілі бір мағынада немістік буржуазияға
тікелей қарама-қарсы тұрған сол бір даму жолы қалыптаспағанда, ол түсініксіз болып
қалған болар еді.