Page 22 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. Норберт ЭЛИАС. Өркениеттің үдеріс

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
буржуазияға жататын адамдарында (мещандарында) айқын белгіленеді. Әрине, аталған
салаға орныққан бұл қайнар көздерді мүлде де Германиядан ғана тауып, анықтау мүлде
әділдік болмас еді. Бірақ нақ осы арада осы тектес және оларға туыстас қалалық
тұрғындардың ұзынқұлақ хабарының көздеген мақсаттары зиялы қауым жасаған
әдебиетте айрықша нақты мәнге ие болды. Ал сарай маңындағылар мен буржуазиялық
топтардың арасындағы терең шыңыраудың пайда болуына орай одан әрі салыстырмалы
түрдегі таза үлгіде бұл мақсаттар немістердің ұлттық мінезіне ауысты.
Ұлттар
деп
аталушы
қоғамдық
бірлесулер біршама дәрежеде өршулердің
«экономикасына» байланысты, яғни институционалды дәстүр сияқты өзекті хал-ахуалдың
қысым жасауы арқылы жеке тұлғаның (индивидтің) өршулі күйдегі өмірінің үлгісін
жасайтын нобайларға (схемаларға) байланысты айырмашылықта болып отырады.
Эккерман суреттейтін мінез-құлық үшін жеке тұлға (индивид) өз бейімділіктеріне еркін
ілескен мезгілде, сезім күйлерін жасаудың айрықша түрі әдеттегі құбылыс болып
саналады. Гёте оны ортақ тіл табысу үшін аса жарамды емес күйде тауып анықтайды және
оған «үлкен дүниедегі» тіршілік үшін қажетті сезім күйлерін ауыздықтаудың нобайын
(схемасын) қарама-қарсы қояды.
Бірнеше онжылдықтар өткен соң Ницше барлық немістердің мінез-құлқы үшін
эккермандық үлгіні ортақ үлгі деп есептейді. Әрине, тарих ағымына сай ол белгілі бір
өзгерістерге ұшырады да, және қазірдің өзінде ол енді бұрынғы кездегідей қоғамдық
мәнге ие болып отырған жоқ. Ол «Жақсылық пен жамандықтың арғы жағында» (244
үзінді) деп аталатын еңбекте, - «ашықтықты» және «турашылдықты» сүйетіндігін
былайша айғақтайды: ашық әрі турашыл болу қандай жанға жайлы еді! - Бүл сенімпаздық,
бұл сақтандырғыштық, немістік адалдықтың ашық түрде ойналып отырған бүл ойыны
біздің заманда қауіптірек және сәттірек шыққан ниетті бүркеушілік болып табылады...
Неміс тәуекелмен тіршілік етпек, бұған қоса ол барлығына да адал, көгілдір, ештеңені де
білдірмейтін неміс көзімен қарайды,- және де шетелдіктер іле-шала оны өзінің көз
бояуымен шатыстырып-жаңылыстырып жібереді!» Егер осы тектес бағалаулардың
біржақтылығынан назарды басқа жаққа аударсақ, онда біз бұлардан буржуазиялық
топтардың ұзақ уақыт бойы іске асырылып келген өрлеу жағдайы олардың ерекше
әлеуметтік сипатынан ұлттық сипатқа бірте-бірте айналу кезеңінің аяқталғандығын мегзеп
отырғандығын анықтаймыз.
Осы айтылғанды біздер Фонтаненің Англия туралы былайша келтірген пікірлерінен
байқап-білеміз («Лондондағы жаз», Дессау, 1852): «Англия мен Германия тур мен мазмұн
сияқты, сырт көзге көрінушілік пен болмыс сияқты ара қатынаста болмақ. Англиядағыдай
сирек те болса осылайша байсалды көрінетін заттарға қарама-қарсы адамдардың арасында
бұл жерде сыртқы орамның түр-тұлғасы үстемдік құрады. Саған сері болудың қажеттілігі
шамалы, тек қана осылай болып көрінудің әдіс-амалы қажет,- сен енді серісің. Саған
әділдік те керек емес: әділдіктің түрлерін ептілікпен пайдалана біл, енді сен әділсің...
Сырт көзге осылайша көрінушілік түгелдей көрініс таппақ. Ешқашанда адамдар осылайша
жылтырауыққа және есімдердің ашық жарқындығына құлай берілмеген.