Page 21 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. Норберт ЭЛИАС. Өркениеттің үдеріс

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
жайлы қойылмақ сауалдың өзі де таң-тамаша болып көрінуі мүмкін. Дей тұрғанмен де,
біздер әр түрлі әлеуметтік топтарға жататын жандардың өздерін әр қилы ұстайтындығын
байқаймыз. Біздер бұған үйреніп кеткенбіз және бұл туралы өзінен өзі әлдеқашан түсінікті
болған жәйт сияқты айтамыз. Біздер шаруалар мен сарай маңындағылар жайлы,
ағылшындар мен немістер жайлы, Ортағасырлық адамдар мен жиырмасыншы
жүзжылдықтың адамдары туралы сөз етеміз. Осы арқылы осындай әлеуметтік топтарға
жататын адамдар, өздерінің арасындағы болып отырған жеке айырмашылықтарға
қарамастан, бірыңғай бола бермек. Олар, басқа топтардың ішінен шыққан жеке
адамдармен (индивидтермен) салыстырғанда, осы топтардан өздерін ерекшелендіріп
тұратын әлдеқандай ортақ нәрсені иеленеді. Шаруа қандай бір болмасын қарым-қатынаста
сарай маңындағыларға қарағанда өзін өзгеше қалыпта ұстайды, ағылшын немесе француз
немістен, Ортағасырлық адам - XX ғасырдың адамынан, барлықтары да - көптеген ортақ
сипаттарға не адамдар болып табыла тұрса да, өзгеше ерекшеленіп турады.
Мінез-құлық тәсіліндегі, жалпы осы мағынада қарастырылған айырмашылықтар
жоғарыда келтіріліп өткен Эккерманның Гётемен арада болған әңгімесінде белгіленген.
Соңғысы, әрине, жеке ой-өрісі жоғары дәрежеде дамыған жан болатын. Оның бойында
сан алуан әлеуметті түп-төркінінің мінез-құлықтық үлгілері үшін тән болып келетін
ерекшеліктер тоғысқан. Оның өзі, оның ой-пікірлері, оның қылықтары ешқашанда өзі
өмір жолында тап болған қандай да бір қоғамдық топтар немесе хал-ахуалдар үшін тән
жағдайлар болып табылған емес. Бірақ бұл арада ол зайырлы жан ретінде, Эккерманның
өзі тіпті ие болмаған тәжірибені иеленуші сарай маңындағы ақсүйек ретінде сөйлейді. Ол
оз сезімдерін тежеп ұстаудың, іш тартушылық пен жиренушілік сезімдерін тұмшалап
басып тастаудың, өзімен қоса анағұрлым кең дүниені алып жүретін «monde»-де
айналудың қажеттілігін көре біледі. Өзге әлеуметтік ахуалды бастан кешіріп жүрген, сол
себепті өзгеше өршуге ие болған адамдар осының барлығын да жалған деп санайды әрі
мұндай мінез-құлықты адал ниетті емес деп айыптайды.
Өзінше барлық әлеуметтік топтарда шетқақпай бола келе, Гёте саналы түрде жеке өршу
сезімдерін тежеп ұстаудың жалпы адамзаттық жолдарын іздеп, оның барша жандар үшін
де мейлінше қажеттілігін атап көрсетеді. Оның сын-ескертпелері сол бір уақыттың аса коп
санала қоймайтын немістік ой-пікірлерге тиеселі, бұл ой-пікірлерде «сарай маңындағы
сыпайыгершіліктің» әлеуметтік мәні оңды бағаны иеленіп, оларда әлеуметтік икемділікте
бейнеленетін ақиқатқа негізделген бірдеңе көзге көрінеді. Англиямен бірдей дәрежеде,
Францияда да «үлкен жарық», «society» ұлттың жалпы дамуында анағұрлым елеулі роль
атқарды, Гёте айтып кеткендегідей, мінез-құлықтың сол бір ерекшеліктерінің мәні де зор
болды. Ал адамдарға бір-бірімен санасуға және өздерінің араласатын адамдарының
ерекшеліктерін назарға алу қажетті болып табылатын, және жеке тұлғаның барлық
уақытта бірдей өз өршулерін көрсете беруге тиіс емес екендігі туралы ұқсас ой-толғамдар
француздың сарай маңындағылар жайлы әдебиетінде Гёте көрсеткен нақ осы ерекшелікті
әлеуметтік мәнде ұшырасып отырады. Бұл ойлар Гётенің өзіндік ой-толғамдарының
жемісі, оның игілігі болған еді. Бірақ ұқсас қоғамдық хал-ахуал, «mondе»-дегі өмір
Европаның жер-жерінде осы тектес ұйғарымдар мен мінез-құлық тәсілдерін тудырды.
Осы сияқты жайды Эккерман суреттеген мінез-құлық тәсіліне қатысты айтуға болар еді.
Егер, тіпті оларға қарама-қарсы сезімдер бар болып отырған күннің өзінде де көрініс
тауып отырған сыртқы сыпайыгершілік пен ашу-ыза келтірмеушілік секілді осындай
сипаттар сарай маңындағы ақсүйектік әлемнің шеңберінде өріс алатын болса, онда
Эккерман суреттеген мінез-құлықтың қайнар көздері сол мезгілдің қалалық ұсақ