Page 20 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. Норберт ЭЛИАС. Өркениеттің үдеріс

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
сипаттардың бір-біріне қарама-қарсы қойылуы әлеуметтік қарама-қайшылықты бейнеледі.
Қарама-қайшылықтардың «тереңдік» пен «үстірттік», «шынайылық» пен «екіжүзділік»,
«сыртқы сыпайылық» пен «ақиқат рақымшылдық» секілді осындай жұптарды түзу үшін
нәтижесі будан әрі өркениет пен мәдениеттің қарама-қарсы тұрушылығына айналған
тәжірибе шешуші құбылыс болып шықты. Бүл тәжірибе неміс тарихының белгілі бір
кезеңімен, зиялы қауымның орта табын бейнелейтін драмалық жағдайдағы қарама-
қарсылығымен, бір жағынан, және сарай маңындағы ақсүйектер қауымының қарама-
қарсылығымен - екінші жағынан, байланысты болып келген еді. Сөйте тұра, «сарай
маңындағы» және «француздық» деп аталатын соз мағыналары бір-бірімен туыстас
екендігі ешқашанда толығымен ұмытылып қалған емес. Г.К.Г. Лихтенберг осы жайды
әлдебір таңғажайыптықпен өзінің нақыл сөздерінің бірінде (III дәптер, 1775-1779), тілдік
рәуішке ой жүгірткен кезде дәл бейнелеген еді. Француздың «promesse» сөзін немістің
«Versprechung» сөзінен ерекшелендіріп тұратын «уәде» сөзінің бояу-реңктері жайлы айта
келе, ол былай деп жазды: «Екінші сөзге тоқтау керек, біріншісіне - жоқ. Француз
сөздерінің неміс тіліндегі пайдасы туралы. Осыған әлі ешкімнің де назар аудармағанына
мен әлі күнге дейін қайран қаламын. Француз сөзі немістік идеяны әлдебір
ұшқалақтықпен немесе оның сарай маңында қолданылатын мән-мағынасын үстей отырып
жеткізеді... «lirfindung» әлде бір жаңа нәрсенің ашылуын білдіреді. Ал, «decouvrierte» -
әлде бір ескі нәрсеге жаңа атау бергенді білдірмек. Колумб Американы ашса, Америго
Веспуччи «decouvert»-ті ашты. Енді «талғам» сөзіне келер болсақ, онда «Goiit» және
«Geschmack» мағыналары бойынша сәл болмағанда бір-біріне қарама-қайшылықты болып
кеткендей, өйткені адамдар «gout» арқылы ешқашанда талғамға ие болмайды».
Тек қана Француз революциясынан кейін «өркениет» термині және оған туыстас ұғымдар
біржақты түрде немістік сарай маңындағы ақсүйектер қауымына емес, керісінше
Францияға және жалпы алғанда батыстық державаларға тиесілі бола бастайды...
Неміс буржуазиясының баяу өрлеуімен бірге, оның екінші дәрежелі әлеуметтік топтан
немістік ұлттық сананы таратушыға айналуымен және, ең ақырында, үстем тапқа (өте кеш
және шектеусіз) айналуымен бірге «мәдениет және өркениет» қарама-қарсылығы өзінің
барлық мән-мазмұнымен қоса өзгеріп отырады. Сарай маңындағы ақсүйектік топпен
жүргізілген күресте күш жинаушы топтан буржуазия өзін-өзі түсінушілігі мен заңды деп
танушылығы басқа ұлттармен айырмашылықта болу арқылы жүзеге асырылатын тапқа
айналды. Осылай бола отырып, осы көрсетілген қарама-қарсылықтың мағынасы мен
функциясы да өзгерді: басым сипаттағы әлеуметтік қарама-қарсылықтан басым сипаттағы
ұлттық қарама-қарсылыққа айналды.
Сонымен бір мезгілде бірыңғай немістік болып саналған құбылыстың құралып-
қалыптасуы үдерісі жүріп өтті. Бастапқыда орта таптың әлеуметтік сипатының ара-жігін
ажыратқан көптеген қасиет-сапалар тиісті әлеуметтік ахуалда қалыптаса отырып, ұлттық
сипаттың ерекшеліктеріне айналды. Мысалы, ізгілік пен ашықтық әрқашанда әлденені
бүркеп отыратын сыпайылыққа қарама-қарсы немістік мінездің ерекшеліктері ретінде
қаралды. Өйткені, әуелгіде шынайылық орта таптың өкілдеріне тән болып, олардың мінез-
құлқын зайырлы адамның немесе сарай маңындағы ақсүйектің мәнерінен даралай түсті...
Жалпы және тұтастай алғанда, адами мінез-құлық тәсілдерінің әлеуметтік шығу түп-
төркіні мен психологиялық түп-төркіні бізге әлі де бұрынғысынша беймәлім. Тіпті олар