Қазақстанның ашық кітапханасы
Осы ой-пікірлер бізге проблеманы күнілгері қарастырып отыру үшін жеткілікті материал
ұсынады. Олар бойынша алып қарасақ, Германияның саяси тұрғыдан жеке-жеке
бөлшектенуімен немістік зиялы қауымның ерекше құрылымдығы, және оның таза адами
мінез-құлқының ерекше түзілімі, және оның руханилығының ерекшеліктері тығыз
байланысты болғандығы айқын көрінеді. Францияда зиялы қауым бір жерде жиналған; ол
бір коп немесе аз көрінуі мүмкін кең түрдегі «жақсы» қоғамда айналып отырады.
Германияда оның сан алуан салыстырмалы түрде алғандағы ұсақ астаналарымен қоса
есептегенде орталық әрі бірыңғай болып келетін «жақсы» қоғам жоқ, және зиялы қауым
да бүкіл ел бойынша шашырап кеткен. Ондағы әңгіме ғасырлар бойы коммуникацияның
маңызды құралы болып келеді және ол қазірдің өзінде өнер деңгейіне дейін көтерілген;
бұл арада тіл табысу құралы кітап болып табылады, және неміс әдебиеті қаншалықты
бірыңғай әңгімелік тілдің дамуымен ғана қамтылып отырған жоқ, сонымен бірге бірыңғай
жазба тілмен де қамтылып отыр. Бұларда адам әлі де жасөспірім күйде бола отырып бай
да рухани қасиеттерді оятушы әлемде тіршілік етеді; бұл арада орта тапқа жататын жігіт
жалғыздықта өзін өзі дамытып-жетілдіру жөнінде іс-әрекет қылуы тиіс. Әлеуметтік
сатымен көтерілу тетіктері де сан алуан. Ең ақырында, Гётенің ой-пікірі орта таптан
шыққан, әлеуметтік негізі әлі қаланбаған зиялы қауым тобының тыныс-тіршілігін айқын
көрсетеді. Жоғарыда сарай маңындағыларда мәдениеттің жетіспеушілігі жайлы оның
басқалай пікірі келтірілген. Мәдениет пен білім халық арасынан шыққан және одан
жоғары тұрған тар ауқымдағы ортада жүрген топтың шартты белгісін әрі сипаттамасын
білдіреді. Сарай маңындағы ат төбеліндей топтың ғана емес, сонымен бірге төменгі қалың
бұқара арасындағы бүл таңдаулы топтың талап-талпыныстары мейлінше әлсіз үн қатады.
Алайда, нақ осы салыстырмалы түрде қарастырғандағы буржуазияның қалың жіктерінің
нашар өсіп-дамуы орта таптың - буржуазиялық зиялы қауымның алғы шебінің - сарай
маңындағы үркердей жоғары қауымға қарсы күресі іс жүзінде толығымен саяси саладан
тыс жерлерде жүріп жатты. Шабуыл, негізінен, оның өкілдерінің ортақ мінез-құлқына,
«үстірттік», «сыртқы сыпайылық», «адал ниет танытпағандық» және с.с. жалпы адамдық
сипаттамаларына қарсы жасалды. Біздер жоғарыда келтіріп өткен бірнеше дәйексөздер
осы бір өзара байланысқа анық мегзейді. Бірақ, мұндай шабуыл мейлінше сирек және
«мәдениетке» және «білімге» қарсы тұрушы, яғни немістік зиялы қауымның аталған
тобын заңды деп тануға арналған жайларға қарсы тұрушы әлдебір ұғымдарды өз мақсаты
деп басы ашық мәлімдемейді. Анықтауға мүмкін боларлық көптеген осындай ұғымдардың
бірі Канттың өз түсінігі бойынша «өркениеттілік» болып табылады.
VI. Әлеуметтік қарама-қарсы тұру мәнінің құлдырауы және «мәдениет» пен
«өркениет» ұғымдарының өзара қарым-қатынастары тарихындағы ұлттық қарама-
қайшылықтардың алдыңғы қатарға шығуы
17
Бұл қарама-қарсылық қандайлық дәрежеде болып көрінсе де, бір жай айдан-анық: соңыра
көбіне-көп жағдайда ұлттық қарама-қарсы тұрушылық бейнесін қабылдаған адами