Page 18 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. Норберт ЭЛИАС. Өркениеттің үдеріс

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
даралана түскен топ туралы болып отыр. Оның сарай маңындағы қоғамнан айырмасы, ол
әлдебір «society» іспетті тұйықталған шеңберді ештеңемен де еске түсірген емес. Ол
көбіне-көп
қызметшілерден,
сөздің
кең
мағынасында
алғанда,
мемлекеттік
шенеуніктерден құралды: олардың өздері де - тым сирек болатын жағдайларды қоспағанда
- сарай маңындағы «тәуір қоғамға», жоғары сатыдағы ақсүйектер қауымына жата қоймаса
да, сарайдан тікелей немесе жанама түрде ақы алып тұрды. Зиялы қауымның бұл аталған
жігі буржуазияның кең қолдауына не болу жағдайынан да күдер үзді. Жазу өнерімен
айналысатын зиялы қауым үшін көпшілік болып санала алатын, әйтсе де коммерциядан
мойын бура алмаған буржуазия салыстырмалы түрде алып қарағанда, Германияның XVIII
ғасырда тіршілік еткен мемлекеттерінің басым бөлігінде әлі де болса, әлсіз дәрежеде
дамыған еді. Осы кезде оның әл-ауқаты енді ғана көтеріліп арта бастайды. Жазумен
шұғылданатын немістік зиялы қауым ауада қалқып тұрғандай жағдайда еді. Саяси іс-
қызмет немесе саяси мақсаттар үшін онда ешбір кеңістік қалған жоқ-ты. Көпестердің
проблемаларын, шаруашылық мәселелерін ол маңызды нәрсе деп есептемейді, және де
бұл оның тіршілігінің де тәртіп-талғамына да, ол өмір сүретін сол қоғамның тіршілігіне де
сай келеді. Сауда, айырбас, өнеркәсіп әлі де болса нашар күйде еді, олар бәрінен бұрын
князьдардың қорғауы мен қорған болуын, осындай саясатқа салынатын шектеулерді
тежеуге қарағанда өздерінің саясатындағы пайдакүнемдікті көбірек қажетсінді. XVIII
ғасырдағы буржуазиялық зиялы қауымның заңды деп танылуының қайнар көздері, оның
сана-сезімінің және мақтанышының негіздері экономика мен саясаттан тыс жатыр.
Олардың мәнісі мынада болған еді, яғни тап осы Германияда «таза рух» атауға -
кітаптарда, ғылымда, дінде, өнерде, философияда, ішкі дүниені байыту барысында, жеке
тұлғаны «тәрбиелеуде», оған қоса көбіне-көп кітап арқылы тәрбиелеуде - ие болды.
Немістік зиялы қауымның сана-сезімінің басты ұғым-түсініктеріне сәйкес «Bildung»
немесе «Kultur» сөздері құралып-қалыптасады. Оларда, Франция мен Англияның
буржуазиясынан айырмасы сол, осы салалардағы жетістіктер (яғни, әлдебір таза күйдегі
рухани сипаттағы және сол себепті де ақиқат құндылықты иеленуші нәрсе) мен саяси,
шаруашылықтық, .әлеуметтік дүниеге жататын жайлардың арасында айқын жіктеуші
желіні жүргізуге ұмтылатын күшті үрдіс сол кезде-ақ көзге байқалып турды. Неміс
буржуазиясының өзіндік жеке тағдыры, оның ұзақ уақыт бойғы бастан кешкен саяси
дәрменсіздігі, ұлттық бірігуге кешең жағдайда қол жеткізуі - осының баршасы да ұғымдар
мен мақсат-мүдделердің і иісті бағдарын беріктендіре түсетін бағытта жылжу үшін үнемі
жаңаша серпін беріп отырды. Бірақ, әуелгіде бұл түр-үлгі немістік зиялы қауымның тобы
арқылы айналысқа жіберілді, аталған қауым кең түрдегі әлеуметтік негізге ие болмаса да,
бірақ, айқын білінген буржуазиялық сана-сезім арқылы Германиядағы алғашқы
буржуазиялық формация бола отырып, үшінші сословие үшін тән болып табылатын
мақсаттарды көлденең тартып, сарай маңындағы дүниенің мүдде-мақсаттарына қарама-
қарсы бағытталған ұғым-түсініктердің шоғырын туғызды.
Аталған ахуал үшін зиялы қауым қарсы шығып келген, оның білім мен мәдениетке қарсы
тұратын құндылықтар ретінде қарастырып келген, ақсүйектік келбет бойынша танып-
білетін жай-жапсарлары да тән болып табылады. Сарай айналасындағы ақсүйектердің
саяси немесе әлеуметтік артықшылықтарына шабуыл тек, әредік жағдайларда, емеурін
білдірілген және көбінесе сарыуайымшылыққа салынған сарында ғана жүргізілді. Көп
жағдайдағы уытты сын жоғары топтардың өкілдерінің мінез-құлқына қарсы бағытталды.
Неміс және француз зиялы қауымдарының арасында ұшырасатын алшақтықтарды тамаша
суреттей білу Гётенің Эккерманмен арадағы әңгімесінен анық көрінбекші...