Page 17 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. Норберт ЭЛИАС. Өркениеттің үдеріс

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Пастор (протестант шіркеуінің қызметшісі) мен профессор - бұл екеуі де буржуазиялық
зиялы қызметші қауымның беделді өкілдері, халықтың білімді топтарының жаңарған
немістік тілін қалыптастыру мен таратуда шешуші роль атқарған қос әлеуметтік тұлғалар.
Осының мысалынан-ақ біздер бұл топтардың бұлдыр, саяси өмірге қатысудан бас тартқан
мәнерде рух саласында қалып қойған ой-сезімдерін бірыңғай қалалықтар ретіндегі ұсақ
сарайдың ақсүйектер қауымы қалайша түйсініп-қабылдағандығын жақсы көріп-біліп
отырмыз. Бұл екі тұлға, пастор мен профессор да орта тап мәдениетінің қалыптасуы қай
жерде болып өтті және ол бүкіл елге қайдан тарады дейтін әлеуметтік салаға мегзейді, -
әңгіме университет жайлы болып отыр. Оның ішінен барлық жаңарған ұрпақтар өсіп -
тәрбиеленіп, мұғалімдер, шіркеу қызметшілері және белгілі бір дәрежедегі қалыптасып
қалған ой-мұраттар әлемі мен нақты мақсат-мүдделерге ие шенеуніктер болып өсіп,
қалыптасып шығады. Неміс университеті белгілі бір шамада сарайға қарама-қарсы орта
топтың (сословиенің) орталығы ретінде саналды...
Тіпті ширек ғасыр өткен соң да мұндай қарама-қарсылықтар, осыған ұқсас ой-мұраттар
және проблемалар кітаптарды табысқа жету мақсатына қарай жетеледі...
Үлгі-мәнерлердің кішіпейілділік, икемділік, сәнділік сипаттары бір жаққа бағытталды; ар-
намыстың ізгілігін артық көретін қатаң тәрбие,- екінші бір жаққа бағдар ұстады. XVIII
ғасырдың екінші жартысындағы неміс әдебиеті мұндай қарама-қайшылықтарға мейлінше
толы. Сонау 1828 жылдың 23 қазанында Эккерман Гётеге ұлы герцог жайлы былай деген
еді: «Мұндай жан-жақты білімділік, шамасы, августік құрметті кісілерде сирек кездесер-
ау». «Мүлде сирек! - Гёте де осылай қоштады,- Олардың көпшілігі, расында да, әңгіме не
жайлы болса да, оны одан әрі өрбітіп әкетуге шебер-ақ; бірақ бұл іштегі ғана көрініс, олар
бар болғаны оның бетін ғана қалқиды, дегенмен, егер де қандай да бір сұмдық нәрсе
болып көрінетін ауа жайылушылық пен әбігершілікті ойға алып қарасақ, мұның таңданар
түгі де жоқ...».
Кей-кейде Гёте бұл орайда мәдениет ұғымын төтесінен пайдаланды: «Менің айналамдағы
жандардың ой-санасында ғылым жайлы ешбір түсінік болып көрген де емес. Бұлар сарай
маңында күн кешіп жүрген жандар еді, ал бұл таптарда сол кездері титтей де болсын
мәдениеттің ұштығы жоқ-тұғын»...
16
Осы айтылған барлық ой-пікірлерде Канттың мәдениеттілік пен өркениеттілікті бір-біріне
қарама-қарсы қоюшылығына бара-бар түрде қалыптасқан белгілі бір қоғамдық ахуал
бейнеленеді. Алайда, тіпті бұл ұғымдарға да қарамастан дамудың аталған кезеңі мен одан
пайда болған тәжірибе немістік дәстүрге терең із қалдырған еді. Мәдениет ұғымында,
тереңдік пен үстірттікті қарама-қарсы қоюда, көптеген ұқсас түсініктерде ең алдымен
буржуазиялық зиялы қауымның сана-сезімі көрініс тапты. Әңгіме бүкіл Германияға
шашырап кеткен салыстырмалы түрдегі сыпайы, сол себепті де белгілі бір шамадағы