Page 16 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. Норберт ЭЛИАС. Өркениеттің үдеріс

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Франция Германиядан ертерек мезгілде сыртқы отарлық басқыншылық әрекеттерін ғана
бастап қойған жоқ. Жаңа тарихтың он бойынан біздер осы тектес қозғалысты француздық
қоғамның ішінен де байқап отырмыз. Осы орайда айрықша маңызды жәйттер сарай
маңындағы ақсүйектік ғұрыптардың кең жайылып таралуы, сарай маңындағы ақсүйектер
қауымының - егер болып жатса, п; басқа топтардың да элементтерін - отарлап алуға
бейімділігі болып табылады. Француз ақсүйек қауымының сословиелік менмендігі сол
сияқты әр кезде де байқалып турды, және іс сословиелік айырмашылықтар біршама
маңызға не еді. і. і рак, өзін жан-жағымен қоршап қойған қабырғаларда сансыз қақпалар
болатын; басқа топтар өкілдерінің өтіп кетуі және оларға біртіндеп жұтыла түсуі бұл
арада, Германияға қарағанда, елеулі роль атқарды.
Германдық империяның басқыншылығының шарықтау шыңы Орта ғасырлардай-ақ болып
өткендігі рас. Содан бері германдық рейх бірте-бірте оқшауланып, қораштана берді. ('ол
Отыз жылдық соғысқа дейінгі уақытта неміс облыстары жан-жағынан қыспаққа алынып,
ал содан соң сыртқы шекараларға жасалған қысым тегеуріні бұрынғыдан да күшейе түсті.
Тиісінше, елдің ішінде әр алуан әлеуметтік топтар арасында күннен күнге кеміп бара
жатқан әлеуметтік игіліктер үшін, өзін-өзі сақтап қалу үшін жанталаса күрес жүргізу
басталады. Сол себепті әлеуметтік топтарды бір-бірінен бөліп тастау мен қалқалауға
бағытталған үрдіс бұрынғыдан да анық сезіле бастайды, ол басқыншылық іс-әрекеттерді
жүзеге асырушы батыстық елдерге қарағанда айқынырақ білінеді. Үлгі ретінде көріне
алар бірыңғай, орталық «society»-дің өркендеп-қалыптасуына, неміс облыстарының
көптеген
егемен
мемлекеттерге
майдаланып
бөлшектеніп
кеткендігі
секілді
салыстырмалы түрде алғандағы дворяндық тектің немістік буржуазиядан басым бөлігінің
қоршалып қойылуы да кедергі жасайды. Басқа елдерде Мұндай «society» кем дегенде
ұлттардың құралуына бастар жолдағы сатылардың бірі екендігін анықтап берді және бүл
процесте мейлінше елеулі роль атқарды: атап айтқанда, нақ осы жайлар тілді, өнерді
құрап-қалыптастырды, өршулер мен мәнердің жай-күйін анықтады.
V. Буржуазиялық зиялылардың сарай маңындағыларға қарым-қатынасындағы
әдеби үлгілері
15
Бұл айырмашылықтың қаншалықты күшті дәрежеде сезілетіндігін буржуазиялық
топтардан шыққан адамдар жазған және XVIII ғасырдың екінші жартысында, яғни, бұл
топтар молшылыққа қол жеткізген әрі сана-сезімге ие болған кезде жұртшылықтың
арасында елеулі табысқа не болған кітаптар айқын көрсетеді. Сонымен бір мезгілде бұл
шығармалар буржуазиялық және сарай маңындағы топтар арасында бұрыннан да бар
болып келген өмірдің құрылымы мен бейнесіндегі айырмашылықтарға сондай-ақ мінез-
құлықтағы, сезім күйлеріндегі, арман-тілектер мен моральдағы айырмашылықтарға сайма-
сай келетіндігін көрсетеді. Мұндай кітаптардан біз аталған айырмашылықтарды орта
сословиенің қалай түйсініп қабылдағандығын танып-білеміз.
Бұған София де ла Роштың «Штернхеймнен келген қыз» атты жазушыны сол заманның
айтулы әйелдерінің бірі етіп әйгілеген атақты романы мысал бола алады...