Қазақстанның ашық кітапханасы
14
Францияда да осы тектес қозғалыс жүріп жатты. Және де ондағы бір-біріне ұқсас
әлеуметтік үлкен өзгерістердің барысында орта сословиеден шыққан атақты адам¬дар коп
болды. Оларға Вольтер мен Дидро да қосылды. Бірақ, Францияда бұл таланттар
анағұрлым кең ауқымда құралып-қалыптасқан сарай айналасындағы қауымның, париждік
«society» жұртшылығының ықыласына аса бір қиындықтарсыз-ақ бөленіп, олардың
арасына оңай сіңіп кетті. Керісінше, Германияда ақыл-ойымен және талантымен айрықша
дараланып, буржуаның күш-қуатына ие болған парасатты ел ұлдары сарай маңы -
ақсүйектер қауымына бірден еніп кете алмады. Гёте тәрізді аздаған адамдарға ғана осы
қоғамға көтерілудің сәті түсті. Тіпті Веймар сарайының өзі де салыстырмалы түрде
алғанда шағын әрі жұпыны болғандығына көңіл бөлмеген күннің өзінде де, Гётенің
осында болуы - аса айрықша оқиға. Тұтас алғанда, Германияның буржуазиялық зиялы
қауымы мен жоғары санатты ақсүйек топтарының арасындағы тосқауыл-бөгеттер
батыстық елдермен салыстырғанда өте биік деңгейде қалып отырды...
Дворяндық пен буржуазияның әлеуметтік жағынан барынша қатаң түрде жіктеле түсуі
(оған көптеген шексіз айғақтар мегзейді), әрине, ауыр жағдайлармен және сол немесе
басқа топтардың салыстырмалы түрдегі кедейлігімен айқындалды. Бүл олардың
ауқымына енетін барша жұрттың ата-тегін тексерудің артықшылықты әлеуметтік
жағдайын қолдап отырудың маңызды құралы ретінде пайдаланылып келген
дворяндықтың томаға-тұйық күйде қалу жағдайының жоғары дәрежеде болуына әкеп
соқтырды. Осылай бола отырып немістік буржуазия үшін буржуазияның батыстық
елдерде жоғары көтерілген, некелерге тұрған және ақсүйектер қатарына қабылданған
басты жолы - ақша жолы жабылып қалды.
Осы бір қатаң шектеудің қандай да бір себептері (көбінесе мейлінше күрделі) болмасын,
ол сарай маңындағы-ақсүйектік бекзат ортаның бір-біріне өтуінің шектеулі жағдайын
және «болмыстық құндылықтарды», бірінші жақтан, және буржуазиялық үлгі мен жеке
табыс құндылықтарын - екінші жақтан, анық көрсетеді. Бүл жәйт немістің ұлттық
мінезінің қалыптасуына түбегейлі түрде, ұзақ мерзімді сипатта ықпал етті. Нақ осындай
шектеулілік неміс тілінің негізі - білімдар адамдардың тілі екендігін, - әдебиетте көрініс
тапқан түгелдей дерлік жаңа рухани дәстүр буржуазиялық зиялы қауымның аталған
тобынан шешуші серпін алды және оның әсерін өзінде байқап, сынап көрді. Бұл топ оған
сай келетін француздық зиялы қауымға - немесе тіпті бүл тұрғыдан француз және неміс
зиялы қауымдары арасында аралық жағдайды иеленуші ағылшындық қауымға қарағанда
неғұрлым таза күйдегі және неғұрлым ерекше мазмұндағы топ болып шыққан еді.
Ерекшеліктер мен айырмашылықтарды аулаққа ысырып тастаушы және атап өтуші
мұндай сипаттар қазірдің өзінде-ақ мәдениеттің немістік ұғымы өркениеттің батыстық ,
ұғымымен салыстырғанда көзге ұрып тұрғандығы айқын. І .ше сонымен бірге біз немістік
дамудың өзгеше ерекшелікті белгісін осы сарында өрбиді деп ұғынбақпыз.