Page 14 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. Норберт ЭЛИАС. Өркениеттің үдеріс

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
көріп қаламыз, көбіне-көп олардың әрқайсысы өзімен-өзі тіршілік етеді, - және олардың
барлығы да жай халыққа қарағанда таңдаулы іріктелген адамдар тобын танытады және
сарай маңындағы ақсүйек қауымның көз алдында екінші сортты адамдар ретінде белгілі
болады...
Олардың шығармаларында өздері айтып жүрген осы бір әлеуметтік хал-ахуал мен ой-
мұраттар арасындағы өзара байланыс қайта-қайта белгі-нышан бере бастайды. Олар
кәдімгі және еркін махаббат жайлы, тыныштық сәтінде пайда болатын арман аңсарлар
жайлы, «салқынқанды ақыл-парасатпен» тежеліп қалмайтын өз жүрегінің ынтызарлығына
басы бүтін берілгендік жайлы толғаныспен жырлайды. «Вертерде» осының барлығы да
екіұшты етіліп айтылмаған, және осы шығарманың еншісіне бұйырып отырған жетістік
тұтас ұрпақ үшін осы іспетті сезім күйлердің қаншалықты дәрежеде тән болып келгендігін
көрсетеді.
Үстірттілік, сән-салтанатшылдық, көз алдаушы жалған сыпайылық, бір жақтан, ішкі өмір,
сезімдер тереңдігі, кітапқа бас қоюшылық, өзіндік жеке тұлға қасиетін қалыптастыру -
екінші жақтан. Бұл жерде біздер Кант бойынша алып қарастырсақ, мәдениет пен
өркениеттің қарама-қарсылығы ретінде көрініс тапқан, бірақ мүлде де белгілі бір
әлеуметтік ахуалмен байланысты болып келген қарама-қарсы қоюшылықты көреміз.
Және сонымен бір мезгілде Гёте «Вертерде» осы топтың тіршілік кеңістігінің
шекараларын кескіндейтін екі сызықты дәл бейнелеп көрсетеді. «Бәрінен де менің қатты
ашу-ызамды келтіретіні атышулы қоғамдық қатынастар»,- деп жазылған 1771 жылғы 24
желтоқсанда қағазға түсірілген жазбада. - Мен сословиелердің айырмашылығы і қандай
маңызды, маған да қандай көп пайда әкелетіндігін басқалардан менің өзім де кем
білмеймін; тек ол маған кедергі болмаса екен». Орта топтың (сословиенің) сана-сезімі
үшін мына нәрседен артық ерекшелікті болып келетін ой-пікір болмас, сірә: «Төменге
бастайтын басқыштағы есіктер жабық тұруға тиіс». Жол жоғары қарай ашылуға тиіс.
Ортада жатқан кез келген топ сияқты, бұл қабат та өзіндік бір тұзаққа түсіп қалады: ол
өзіне жоғары көтерілу үшін кедергі жасайтын қабырғаларды құлатуға, өзін халықтан бөліп
тұрған бұл қабырғалар құлап түседі деген қорқыныш сезімі бойын билейтіндіктен, ынта
білдіре алмайды.
Осы қозғалыстың барлығы да жоғары бара жатқан адамдардың қозғалысы болған еді:
Гётенің бабасы ұста, атасы - тоқымашы болған, содан соң сарай маңындағыларға қызмет
көрсетуші асхана иесі бола жүріп байып кеткен әрі сонысымен-ақ жақсы үлгі-мәнерлерді
меңгеріп алған. Оның әкесі императордың кеңесшісіне, жерді пайдаланудан (рентадан)
түсетін кірістің арқасында байып алған бақуат буржуаға айналады, ол жоғары атаққа ие
болып ақсүйек қызға үйленеді (Гётенің анасы франкфурттық матрициялық отбасының
тегінен шыққан болатын).
Шиллердің әкесі оташы, содан соң шықпа жаным шықпамен күн кешкен майор; атасы,
бабасы және бабасының әкесі - нан жабушы наубай болған. Қолөнершілерден немесе орта
шенеуніктерден шыққандардың - Шуберттің, Бюргердің, Винкельманның, Гердердің,
Канттың, Фридрих Август Вольфтің, Фихтенің және басқа да осы қозғалыстың көптеген
өкілдерінің әлеуметтік шығу тегі осылайша болып келген еді.