Page 13 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА. Норберт ЭЛИАС. Өркениеттің үдеріс

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
XVIII ғасырдың екінші жартысындағы әдеби қозғалыстың ту ұстаушысы нақ осы
әлеуметтік топ болған еді, оның ой-мұраттары мен тілек-талғамдары Фридрихтің
ұғымындағы әлеуметтік және талғамдық айқындамаларға қарама-қарсы тұрды. Себебі,
оның өкілдері тудырған шығармалар оған ештеңені де мәлім етпейді, себебі ол, я өзінің
айналасында буырқанып жатқан сол бір толыққанды өмір күштерін байқамайды, я -
оларды байқамайтын жер¬де, «Гёцпен» болып өткен оқиғадағыдай - оларды қарғап-
сілейді.
Өкілдері Клопшток, Гердер, Лессинг, «Боран мен тегеуріннің» және «Тоғай одағының»
ақындары, сентименталисттер, жас Гёте мен Шиллер және көптеген басқалары, - әрине,
саяси қозғалыс болып шыққан жоқ. 1789 жылдың өзіне дейін Германияда болып өткен
кейбір бірлі-жарым жағдайларды есепке алмағанда, нақтылы бір саяси іс-қимылдың
арман-мұраттарын, саяси партияны немесе бағдарламаны еске саларлық ештеңе де табуға
болмайтын. Кей жағдайда, әсіресе, пруссиялық шенеуніктің бойынан білімді де
мәдениетті абсолютизм рухындағы реформалардың (және тіпті де оларды практикалық
тұрғыдан іске асыру әрекеттерінің) ұсыныстарын байқап білуге болар еді. Кант сықылды
философтардан біздер аздап үстемдік етуші қатынастармен анық қарама-қайшылықтарға
килігіп туратын жалпы негіздердің одан әрі өрістеуін көріп-танимыз. Бірыңғай жас ұрпақ
өкілдерінен құралған «Тоғай одағы» ақындарының шығармаларынан біздер князьдарға,
сарай маңындағыларға, ақсүйектер қауымына, «барша қалған французданып кеткен
жандарға», ақсүйектер сарайын жайлап алған өнегесіздікке және суық кескін-кейіптегі
ақылдан адасушылыққа жабайы өшпенділікпен қараудың көрінісін анықтап, табамыз.
Буржуазиялық жастардың он бойынан барлық жерлерде де бірыңғай Германияның
жаңаруы туралы және «табиғат» сарай айналасындағы өмірдің «табиғи еместігіне»
қарама-қарсы қойылатын және «табиғат» деп тек ой-сезімдердің өзіндік құлшыныстары
ғана ұғынылатын кәдуілгі тіршілік жайлы күңгірт сезімдерді ұшыратуға болады.
Тек қана ойлар мен сезімдер - бірақ нақтылы саяси іс-әрекетке жетелейтін нәрседен басқа
ештеңе жоқ. Ұсақ мемлекеттерге ыдырап кеткен аталған қоғамның абсолюттік
қондырмасы бүл үшін еш мүмкіндік қалдырмады. Буржуазиялық элементтер сана-сезімге
қарай бет алып келе жатты, бірақ абсолютті мемлекеттің ғимараты мызғымастан тұра
берді. Олар оз бетінше «ойлай және құрастыра алатын» еді, бірақ олардың өздігінше іс-
әрекет етуге ешбір мүмкіндігі болмады. Бүл жағдайда жазушылық кәсіп «бу шығарудың»
маңызды құралына айналып сала берді. Жаңадан пайда болған өзін-өзі сезінушілік және
қалыптасқан жағдайға деген күңгірт күйдегі риза болмаушылық көңіл күйлері бүл арада
өзінің артық немесе кем деңгейдегі бүркемелі көрінісін табады. Абсолюттік мемлекеттер
аппараты бұрыннан белгілі еркін кеңістікті қалдырып отырған бүл өрісте буржуазиялық
зиялы қауымның жас ұрпағы сарай маңындағы өршіл асқақ мақсаттарға өзіндік, мүлде
өзгеше ой-мұраттар мен өз армандарын, оның үстіне - немістік - тілде қарама-қарсы қоя
бастады.
XVIII ғасырдың екінші жартысындағы әдеби қозғалыс, біз бұрын да айтып кеткендей,
саяси сипатты иеленбеді, бірақ ол сөздің шын мәнісінде қоғамның өзгеруін білдіретін
әлеуметтік қозғалыс болды. Әрине, оның құрамында бүкіл буржуазия ғана болып қойған
жоқ. Оның таратушысы ретінде өз мәні бойынша алғанда, нақтысы, зиялы қауымның орта
сословиесіне жататын буржуазияның алдыңғы қатары бой корсетті. Бұл күллі ел бойынша
бір-біріне ұқсас жағдайда орналасқан, әлеуметтік шығу тегі жағынан туыстас, сол себепті
де бірін-бірі жақсы түсінетін шашыраңқы күйдегі жалғызілікті жандар еді. Тек бар
болғаны біз анда-санда ғана әлдеқандай бір үйірмеге біріккен осындай адамдарды байқап,