Қазақстанның ашық кітапханасы
бүл қауымның ұзақ бойы уысына түспеген немістік сана-сезімнің күшейе түсуіне ықпал
етті. Оның көптеген өкілдері үшін ол ұлт қаһарманына айналып сала берді. Бірақ,
Фридрихтің неміс әдебиеті бойынша жазған оның осы еңбегінде (және жалғыз бір ғана
еңбекте емес) көрініс тапқан тіл мен талғам мәселелері төңірегіндегі ұстанған
айқындамалары олар үшін қисынға келмейтін болып шықты. Бұл көзқарастарға қарсы
немістік зиялы қауым нақты алғандағы немістік ретіндегі - күрес жүргізуге тиіс болды.
Осыған ұқсас хал-ахуал түгелдей дерлік үлкенді-кішілі көптеген неміс мемлекеттерін
жайлап алған еді. Барлық өңірлердегі осы мемлекеттердің басында француз тілінде
сөйлейтін адамдар (немесе адамдар тобы) отырды, - олар неміс саясатын айқындады.
Екінші басында немісше сөйлейтін зиялы қауымнан құралған буржуазиялық қоғам
отырды, ол тұтас алғанда, саяси даму барысына титтей де әсерін тигізген жоқ. Осы топтың
арасынан көптеген адамдар дараланып шықты, солардың арқасында басқалар Германияны
ақындар мен ойшылдар елі деп атай бастады. Нақ осы аталғандар «Bilding» және «Kultur»
ұғымдарына олардың өзіне тән немістік ерекшелік сипаттары мен бағыт-бағдарын
ұсынды.
IV. Германиядағы орта тап және сарай маңындағы дворяндық туралы
13
Зерттеудің дербес әрі кісі қызығарлықтай тақырыбы Фридрих Ұлы Шекспирдің
трагедияларының үлгісі ретінде қашанда қарама-қарсы қоятын «Гёцу» классикалық
француз трагедиясы сарай маңындағы - абсолюттік қоғамның айрықша рухани ахуалы
мен ой-мұраттарын қаншалықты дәрежеде ақиқат бейнелейді деген мәселе болып
табылады. Қандай да бір «society» үлгісінің айрықшалық белгісі ретінде «үздік» үлгілерді
ұстанудың маңыздылығы; кез келген сарай маңындағы адам үшін өмірлік қажеттілік
ретіндегі ақыл-парасатпен жеке қызбалықты ауыздықтау; кейіп-келбеттер мен іс-
әрекеттердің ойластырылушылығы және «өркениет» жолындағы белгілі бір кезеңнің
ерекше белгілері ретіндегі төменгі тап өкілінің (плебейдің) әлпетін болдырмау - осының
барлығы да таза күйде классикалық трагедияда бейнеленеді. Сарай маңындағы тіршіліктің
күллі қалтарысты жақтарына, барлық тұрпайы сезімдер мен талпыныстарға, жалпы
«айтылмайтын» нәрселердің бәріне де мұнда орын жоқ. Төменгі топтардан
(сословиелерден) шыққан адамдарға, сонымен бірге төменгі деңгейдегі ой-сезімдер мен
пиғылдарға трагедияда бітіретін тук те жоқ. Оның үлгілері, әдептілік пен күллі сарай
маңындағы тіршілік тәрізді мөлдір әрі жып-жинақы. Трагедия сарай маңындағыларды
өздері қалай болғысы келетіндей етіп, және сонымен қатар абсолютті дара билеуші патша
(монарх) оларды қандай бейнеде көргісі келетіндей етіп көрсетеді. Кім болса да, мейлі ол
ағылшын, пруссиялық немесе француз болсын, аталған қоғамдық хал-ахуалдың әсерін
бастан өткізе берсін, оның талғамдары бірдей дәрежеде бағытталады. Англияның сарай
маңындағы атақты ақыны Поуппен бір қатарда тұрған Драйден өзінің «Гранаданы жаулап
алу» шығармасына жазған соңғы сөзінде Фридрих Ұлы мен Вольтер сияқты ертеректегі
ағылшын драмасы жөнінде былай деп жазды: «Өзінің үлгісі мүләйім король деп
қарастыратын осыншалықты нәзік әрі білімді ғасыр мен ғажайып әрі жігерленген
сарайдың көне ағылшын трагиктерінің дөрекі қалжыңдарына сұқтана қарауы сірә енді
бола қояр ма екен».