Page 58 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
58
қорытындысы 1892 жылы басылған XVI томның ІІ-бөлімінде баяндалған Қылмысты сот
ісін жүргізу заңдарына сәйкес одан әрі қарау үшін іске қоса сотқа ұсынылады. Сол
томның екінші бөлігіндегі 338-статъяның негізінде белгіленген тәртіп бойынша өзіне
түскенге дейін губернатор сотта жүргізіліп жатқан қылмысты істерді қарауға араласа
алмайды және ұсыныс жасай алмайды. Ал Семей облыстық басқармасының қаулысын іс
сотқа түспей тұрып-ақ губернатор бекітіп жіберген. Сонымен, істің бүкіл жүргізілуінен
оның 1892 жылы басылған XVI томның ІІ-бөлігі бекіткен Қылмысты істер жөніндегі сот
ісін жүргізу заңдарына мүлде қарама-қарсы бағыт алғандығы көрініп тұр.
Тергеуші Әкімғожиннің, Бітімбаевтың, Исабаевтың, Өмірзақовтың мені талап-
тонағандығы үшін айыптылығы жөніндегі істі тамамдап, оларды адам тонаған кінәлілер
ретінде жауапқа тартқан және оны осы айыптау бойынша жүргізілген тергеу ісін бұрынғы
Семей облыстық сотының Прокурорына жөнелткен. Прокурор 335-статьяға сәйкес, одан
қорытынды шығарудың орнына, пікірлер мен тұжырымдар беруін сұрап, оны Семей
облыстық басқармасына жіберген, ал ол өзінің 1899 жылғы 13 февральдағы қаулысымен
Әкімғожинге қатысты істі қысқартып, басқа айыпкерлер жөніндегі мәселені ашық
қалдырған, сөйтіп, олардың кінәлі-кінәсіздігі жайлы қорытынды жасауды Прокурордың
қадағалаушысына тапсырған; соңғы жағдай қалған айыпкерлердің мемлекеттік немесе
қоғамдық қызметте тұрмайтындығымен дәлелденген.
Семей облыстық басқармасы болыс Әкімғожиннің тонаушылықпен айыпталғандығы
жөніндегі істі қысқарту арқылы өзінің бабына мүлдем жатпайтын шеңберге еніп кетті,
өйткені Қылмысты сот ісін жүргізу заңдарының ескілері де, жаңалары да жалпы
қылмыстарға жататын қылмыстық әрекеттерді, қызмет бабындағы міндеттерді орындау
кезінде жасалған болса да, қызмет бабындағы қылмыстар бойынша айыпкерлердің сотқа
берілуін шешетін әкімшілік мекемелер мен қызмет адамдарының қарауына жол бермейді.
Қызметке байланысты емес, жалпы сипаттағы қылмыс жасаған мемлекеттік қызметтегі
адамдар да мейлі олар қызмет бабында болсын — былайғы адамдар сотқа қалай тартылса,
олар да дәл сол тәртіпке бағынады. Осыған сүйене отырып, мен болыс Әкімғожиннің
тонаушылық айыбы туралы істің қысқартылуын дұрыс емес деп санаймын. Басқа
айыпкерлерге келетін болсақ, олардың кінәлі-кінәсіздігі жөнінде облыстық басқарманың
қаулысының жоқтығын былай қойғанда, сонымен бірге, 1892 жылы басылған XVI томның
ІІ-бөлімінің 335-статьясында талап етілетіндігіне қарамастан, прокурор билігінің де
қорытындысы жоқ болып шықты. Прокурор бір ғана №879 қатынас қағазы арқылы менің
тоналғандығым жөніндегі істі жөнелте отырып, былай деп жазады: „Семей облыстық
басқармасының 1899 жылғы 13 февральдағы қаулысында баяндалған пікірге қосыла
отырып, бұл істің жүргізілуін қысқартуға болады деп табамын".
Мұндай жағдайда екі мәселенің басын ашып алу керек: біріншіден, тергеу ісін жеке өзі
қарау негізінде өз қорытындысын шығармай-ақ, облыстық басқарманың пікіріне
қосылатындығына сүйене отырып, сотқа ұсыныс жасауға прокурордың қақысы бар ма
және сонымен бірге, іске байланысты басқа адамдар мен мекемелердің пікірі талап
етілмек түтіл, оған тұп-тура заң жүзінде жол берілмейді ғой. Екіншіден, қосталған пікір
қайсы айыпкерлерге қатысты, бір ғана Әкімғожинге ме, әлде барлығына ма?
Мен былай деп білемін: барлық жалпы қылмыстар бойынша істі қысқарту туралы немесе
айыпкерлерді сотқа беру туралы қорытындыға негіз жазу үшін, Прокурорлық билік
басқалардың пікірі мен сенім-нанымын басшылыққа алмай, тергеу ісін жүргізудегі
дәлелдер мен айғақтардың бүкіл жиынтығын жеке өзі қарау арқылы түйінделген, тек жеке
өзінің ғана көзі жеткен жағдайды басшылыққа алуға тиіс. Бұл 1892 жылы басылған XVI
томның ІІ-бөліміндегі 335-статьяның бүкіл мазмұнымен және мағынасымен белгіленген