Page 57 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
57
Шындығында маған — түк қарсылық көрсете алмайтын қарт адамға шабуыл жасалды,
болыс Әкімғожин, Бітімбаев, Өмірзақов және басқалар — бүлікті ұйымдастырған
басбұзарлар солар, ал қалған тобыр бір жағынан шабуылға дем беріп, оны қоздыра түсті.
Ұрып-соғу үстінде заттарымды тартып алғаннан басқа, қызметшімнің қолынан менің
мініп келген атым тартып алынды және жұрттың көзінше киіз үйім тоналды. Облыстық
басқарманың түсінігінше бұл да ұрлық деп табылып отыр.
Әкімғожиннің, Бітімбаевтың және басқа да мұқырлықтардың менің сайлауға және
шекараны анықтауға қатысуымды қаламауы маған шабуыл жасауға себеп болды деген
жағдай тонаушылықты теріске шығару үшін негіз бола алмайды: менің де, басқалардың да
көзінше заттарым ашық түрде ұрланса, онда тарпа бас салуға қандай сылтау болғанына
қарамастан, ол тонау болып табылады емес пе? Бұл жайлы Жаза қолдану жөніндегі
ереженің 1637-статьясында айтылған, өйткені ұрлап әкету ниеті шабуыл жасау үстінде
тууы мүмкін ғой. Істі доғару туралы өзінің қаулысында облыстық басқарма
айыпкерлердің әрекетін ұрлық деп тауыпты. Ал бұл қылмысты қазақтар жасағандықтан
және ол қазақтар көшіп-қонатын аймақта болғандықтан, бұл іс жергілікті қазақ сотында
қаралуға тиіс деп санапты. Сондықтан да маған қазақ сотына шағым беру құқығы
беріліпті.
Мен облыстық басқарманың бұл қорытындысын дұрыс емес деп есептеймін. Сонда мен
қай сотқа шағым беруге тиіспін? Мұқыр болысының сотына болса, онда Мұқыр
болысындағылардың барлығы да Әкімғожиннің, Бітімбаевтың, Исабаевтың тамыр-
танысы, ықпалды адамдар ретінде барлығы да соларға бағынышты. Бұл сотта мен ештеңе
де тындыра алмаймын. Ал істі Шыңғыс болысының сотына тапсыруға олардың өздері
көнбейді — бұл оларға тиімсіз. Сонда бір-ақ нәрсе қалады — өзің шеккен жәбірді
құдайдың жазасына тапсыру керек. Алайда, мен олардың жасағаны ұрлық болсын немесе
қандайда бір басқа қылмыс болсын, қалай болғанда да, ол орыс сотында қаралуға тиіс деп
санаймын, тек сол ғана бұл істе әділ де турашыл сот бола алады. Облыстық басқарма бұл
мәселеге байланысты Әкімғожинді билік жүргізудегі әрекетсіздігі үшін жауапқа тартқан.
Мен былай деп есептеймін: Әкімғожин тарапынан билік жүргізілмей қалған жоқ, өйткені,
басты арандатушы, жанжалды ұйымдастырушы және жүргізуші негізгі адам
болғандықтан, ол әрекетсіз кісі емес, керісінше, белсенді адам болып табылады.
Осы мәселеге байланысты ең басты куәгерден — болған оқиғаның бәрін көзбен көрген
уезд бастығынан жауап алынбаған, мұның себебін мен білмеймін, бірақ істі айқындап,
ақиқатты ашу үшін одан жауап алынуының елеулі маңызы бар деп санаймын.
Енді істі формальды жағынан қарауға кірісейін. Тергеу ісі 1899 жылғы 14 майда, жаңа
соттар енгізілген кезде, жойылған ескі тәртіппен жүргізілді. Бұл тәртіп жалпы қылмыстар
бойынша мынадай болып келеді: тергеуші формальды түрде тергеу ісін жүргізіп, ол
аяқталғасын, егер іске айыпкерлер тартылатын болса, 1892 жылы басылған Заңдар
жиынтығының XVI томындағы 335-статьяға сәйкес, оны сот Прокурорына жөнелтеді.
Прокурор немесе айыпкерлердің бірін барлық немесе кейбір ерекше праволары мен
артықшылықтарынан айыруға душар етуі мүмкін істер жөніндегі орынбасары қорытынды
шығарады, онда мыналар баяндалады: 1) өн бойында қылмысты әрекеттердің белгісі бар
оқиға; 2) қылмысты әрекет жасалған мезгіл және оның орны; 3) айыпкердің атағы, аты,
әкесінің аты мен фамилиясы немесе лақап аты; 4) айыпкерге қарсы көтерілген іске
байланысты жинақталған дәлелдер мен айтақтардың мәні; 5) қаралып отырған
әрекеттердің белгілері нақ қандай қылмыстарға сәйкес келеді, осыны заң бойынша
анықтау; 6) тергеу ісі толық көлемінде жүргізілді ме және 7) айыпкерді сотқа тарту керек
пе немесе ол жайлы іс қысқартылуға яки тоқтатыла тұруға тиіс пе? Прокурордың бұл