Page 59 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
59
болатын. Мен бұл ойды Қылмысты сот ісін жүргізудің уставында неғұрлым толығырақ
дамыту керек деу үшін айтып отырған жоқпын. Менің ісім ескі тәртіппен, бүгінде
мәңгілікке жойылған тәртіппен жүргізілді, бірақ Қылмысты сот ісін жүргізудің ескіріп
кеткен бұл тәртібінің негізінде де император III Александрдың Сот уставында айқын орын
алған ойы, дәл сондай pyx жатқан еді.
Екінші мәселе жайында мынаны айта аламын: маған прокурордың ұсынысындағы және
соттың істі қысқарту жөніндегі анықтамасындағы ашық қалған тұстар түсініксіз болып
отыр. Прокурор Семей облыстық басқармасының пікіріне қосылғандықтан істі
қысқартқан. Бірақ мәселе мынада: облыстық басқарманың пікірі тонаушылық жөніндегі
айып тағылған тек Әкімғожин жөнінде ғана, ал осындай айып тағылған басқа айыпкерлер
жөнінде Басқарма ешқандай пікір айтпайды. Сонда былай болып шыққан ғой:
Әкімғожинді тонаушылық жөнінде айыптайтын іс Прокурордың облыстық басқарма
пікіріне қосылатындығы, ал сот прокурордың осы пікірімен келісетіндігі негізінде
қысқартылған. Ал басқа айыпталушылар жөніндегі іс прокурор мен соттың ешқандай
пікірінсіз-ақ, ешқандай қорытындысыз-ақ қысқартыла салған. Өйткені айтылмаған пікірге
қосылу мүмкін де емес қой.
Жоғарыда баяндалғандарға орай, мен үкімет билігіндегі Сенаттан болыс Мұсажан
Әкімғожиннің, Әбен Бітімбаевтың, Бейсенбай Жақыповтың, Рақым Өмірзақовтың маған
шабуыл жасағандығы және мені тонағандығы жөніндегі бұрынғы Семей облыстық соты
Семей округтік архивіне тапсырған істі қарауды және бұрынғы Семей облыстық сотының
осы істі қарай келіп, оны қысқарту туралы 1899 жылғы 12 майда шығарған анықтамасын
бұзуды сұраймын, өйткені оның өзі істі шешудің 1892 жылы басылған XVI томның ІІ-
бөліміндегі 335, 337, 369 және 370-статьяларында баяндалған Қылмысты сот ісін жүргізу
туралы заңдармен белгіленген тәртібін бұзудың нәтижесінде қысқартылған. Бірақ сот ісін
жүргізудің бұл тәртібінің 1899 жылғы 14 майдағы сот реформасын енгізген кезде
жойылғанына және қазіргі кезде бұл салаларда император III Александрдің сот уставын
енгізгендігіне байланысты сот ісін жүргізудің бұрынғы тәртібін қолдану мүмкін емес.
Қылмысты сот ісін жүргізу уставының 510-528-3 сәйкес бұрынғы Семей облыстық
сотының үкімін бұзу туралы істі Семей округтік сотының Прокурорына жөнелту керек.
Осы шағым арыз 1865 жылы 10 мартта және 1865 жылы 19 сентябрьде (№414 және № 88)
Жоғары мәртебелі бекіткен сот уставтары толық көлемде енгізілген, бұрынғы белгіленген
сот ісін жүргізудің тәртібі туралы ережелерге сәйкес, Семей округтік соты арқылы Үкімет
билігіндегі Сенатқа тапсырылуы тиіс.
Шыңғыс болысының қазағы Ибрагим Құнанбаев".
(КСРО Орталық мемлекеттік тарихы архиві,
1352 қор, 20-хаттама, 379-іс).
Мазмұны
Қарасөздер
Бірінші сөз 2
Екінші сөз 2
Үшінші сөз 3
Төртінші сөз 5
Бесінші сөз 5