Қазақстанның ашық кітапханасы
54
Қылмысты істер соты Уставының 119-статьясында және 1892 жылы басылған заңдар
жинағының XVI томындағы 335-статьяда осы талап атап көрсетілген.
Облыстық басқарма тергеу кезінде Құнанбаев Бітімбаевтың бұл істі доғаруды өзінен
өтінгендігін баяндағанын, бірақ оның мұны дәлелдей алмағандығын тағылған айыптың
негізсіздігінің екінші шарты деп табады. Бітімбаевтың өтінішіне қатысты менде ешқандай
айғақтың жоқ екендігіне қарап, одан мені ешкім ұрып-соқпапты және тонамапты деген
қорытынды шығаруға тіпті де болмайды. Егер мен Бітімбаевтың істі доғаруды
өтінгендігін дәлелдей алған жағдайдың өзінде мұның өзі де өздігінен сотта Бітімбаевтың
және басқалардың айыптылығына айғақ бола алмайды ғой, өйткені, маған зомбылық
жасағанына қарамастан, мұның болуы да немесе болмауың да мүмкін еді. „Оның үстіне,
— деп пайымдайды Облыстық басқарма,— Әкімғожиннің және куәгерлер Көмекбаевтың,
Әбдиннің, Тайшекиннің, Доскелдиннің, сонымен бірге тілмаш Оспановтың және төбелес
болған жерге барған сақшылардың жауаптарында болыс Әкімғожиннің төбелеске еш
қатыспағандығы толық айғақталады. Егер бұған, Оразбай Аққұлов пен басқа да
куәгерлердің жауаптарынан көрінетіндей, сол уақытта Мұқыр болысында партияшыл
жауластық етек алғандығын, әрі бұрын Мұқыр болысына қараған және болыстың
болыснайы болған Ибрагим Құнанбаевтың жау партияға жататынын, Құнанбаевтың
өшпенділігінің ересен зорлығы сонша, облыстың бастығы Мұқыр болысының
болыснайлығына басқа болыстың қазағын тағайындауды қажет деп тапқандығын қоссақ,
онда Құнанбаевтың болыс Әкімғожинді өзін тонауға қатысты деп расында да жалған уәж
жасауы ықтимал болып шығады".
Басқарма куәгер Көмекбаевтың және басқалардың куәліктерімен айғақталған қандай
мағлұматтардың негізінде Әкімғожинді маған шабуыл жасауға яки, Облыстық басқарма
айтқандай, төбелеске қатыспады деген уәжге келді екен — бұл жағы белгісіз — ал осы
куәгерлердің түсініктемелерінің мәніне үңіле келгенде бұл куәгерлер шындықты жасырып
отыр десе дұрысырақ болар еді. Мысалы үшін, яки куәгерлердің куәліктерін айқындай
түсу мақсатында, куәгер Жанғазы Көмекбаевтың жауабын Бозымбай Әбдиннің, Қаражан
Тайшекиннің және Бегімбет Доскелдиннің жауаптарымен салыстырып көрейік. Көмекбаев
болысты оқиғаның басы-қасында болған жоқ деп көрсетеді, ол уезд бастығының киіз
үйінің әр жағында отырып, бастықтың киіз үйінің сырт жағынан айқай-шу естігендігін,
сол жаққа жүгіріп барғанда төбелесті көргендігін айтады, жанжалға араласпаған, не болып
жатқанын көрмеген. Куәгерлер Әбдин, Тайшекин, Доскелдин және басқалар былай деп
көрсетеді: олар да болыс Әкімғожинмен бірге уезд бастығының киіз үйінің әр жақ
жанында Көмекбаев отырған жерде отырған, киіз үйдің бергі бетінен айқай-шу естіп,
сонда жүгіріп келген, төбелесті көрген, бірақ кім-кіммен және не үшін төбелескенін
көрмеген. Тіпті бұл куәгерлердің жауаптары шын мәнінде сын көтермей тұрған жоқ па;
төбелесті бәрі де көрген, бірақ олардың ешбірі кімдердің төбелесіп жатқанын көрмеген;
егер екі тобыр бір-біріне қарсы келіп айқасып жатса, дәл сол жерде тұрған адам төбелесіп
жатқандарды қалайша көрмейді немесе төбелеске қатысушылардың бірде-бірін қалайша
байқамайды? Сонда төбелестің болғаны айқай-шудан ғана білініп, ал төбелесіп жатқандар
бұл куәгерлердің көзіне түспеген болып шыққаны ғой. Олардың жауаптары болған
оқиғаның мәнін aшy үшін емес, тек Әкімғожин қатысқан жоқ деген фактіні растау үшін
ғана беріліп отырғаны анық. Бірақ олар бұл ретте де мақсатына жете алған жоқ —
біреулері Әкімғожинді төбелес болған сәтте мүлдем болған жоқ десе, ал екіншілері ол
болды, бірақ төбелеске қатысқан жоқ деп сендіреді. Басқа куәгерлердің растайтын
жауаптары болып тұрғанда, „көрген жоқпыз" деп теріске шығару Әкімғожиннің ол жерде
болмағанын және төбелеске қатыспағандығын дәлелдей алмайды. Өздерінің
жауаптарынан оқиғаның басынан аяғына дейін болғандықтары көрініп тұрса да, куәгерлер