Page 53 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
53
Жаза қолдану ережесінің 120 және 1642-статьялары бойынша жауапқа тартуға негіз
жеткіліксіз деп санайды, оның үстіне партиялық дау-дамай мен айтыс-тартыс кезінде
қазақтар ант-су ішіп тұрып та жалған айтудан қымсынбайды, әйтеуір қандай амалмен де
мақсатына жетсе болды. Сондықтан да және бұл істе Мұқыр болысының бұрынғы
болыснайы Әкімғожиннің әрекетсіздігі жөнінде анықтамаға қарағанда, бұл іске өзгеше
тергеу жүргізілгеніне байланысты, ол журнал бойынша айырықша қаралатынын еске ала
келіп, облыстық басқарма ұйғарды: Семей уезі Мировой судьясы көмекшісінің Мұқыр
болысының бұрынғы болыснайы Мұсажан Әкімғожинді Жаза қолдану ережесінің 120
және 1642-статьялары бойынша қылмысты айыпкер есебінде жауапқа тарту туралы
таңдалып отырған қаулысы тағылған айыптың жетімсіздігінен қанағаттандырылмайды
деп табылсын, бұл жөнінде мүдделі кісілерге Семей уезінің бастығы мырза арқылы жария
етілсін, указ соған жіберілсін. Қалған адамдарды (лауазымды адам емес, жеке адамдар
есебінде) айыптау жөніндегі тергеу қағаздары Семей облыстық прокурорының қарауына
жолдансын".
Сонымен, бүкіл істен байқалып отырғандай, тергеу Семей облыстық басқармасының 1898
жылғы 13 февральдағы журналда жазылған қаулысында баяндалған пікір мен сот
ведомствосы шендеріне жатпайтын кісілердің уәждері айыпкер ретінде жауапқа
тартылған адамдардың жазықты-жазықсыздығы жөніндегі қорытындыға негіз бола
алмайтындығы былай тұрсын, облыстық басқарманың жасаған қорытындысы істің мәнісі
жағынан да дұрыс емес.
Облыстық басқарма, біріншіден, Құнанбаев, тергеу кезінде өзін ұрып-соққандығы мен
тонағандығы жөніндегі фактілерді растағанымен және оның түсініктемесін растайды деп
тартқан куәлері де бұл фактілерді қостағанымен, ол жауаптар бір-біріне ұқсас, бәрі бір
өңкей болғандықтан, бұл жауаптарға сенуге болмайды деп есептеп, болысты және басқа
айыпкерлерді жауапқа тартуға негіз жоқ деп тапқан. Егер куәлер өздері бір мезгілде
көрген белгілі бір оқиға жайында бір-біріне ұқсас пікір айтса, онда мұндай жағдай әлгі
оқиғаның болмағандығына дәлел бола алады дегенді тұңғыш рет естіп отырмын.
Мен былай деп ойлаймын: егер белгілі бір оқиға жайлы бірді-екілі емес, көп адам түсінік
берсе және ол жайында мүлде ұқсас пікір айтса, онда мұның өзі оқиғаның ойдан
шығарылмағандығын, шын мәнінде болғандығын дәлелдейді. Әлбетте, көп адамның да
әлдебір мүдделерді көздеп, мүлдем болмаған немесе болған оқиғалар жайлы нақ
болғандағыдай етіл айтпауы да мүмкін жай. Ондай жағдайда мұны жоққа шығару үшін
әңгімелер бір-біріне ұқсас деген бір ғана тұжырыммен түйінделмей, әлгі әңгімелерді істің
басқаша жағдайларында және басқа адамдардың куәліктерімен салыстыра отырып
тексеруден өткізу арқылы түйінделуге тиіс. Осындай ой түйіндеу арқылы теріс те, оң да
қорытындыға келуге болады — түсініктемелер бір-біріне ұқсас екен, демек, олар жалған;
ақиқатқа көз жеткізу үшін олар бір-бірімен қабыспайтын болуы қажет екен; бірақ
мынадай да силлогизм жасауға болады ғой: түсініктемелер бір-бірімен қабыспай ма,
демек, олар жалған; ал ақиқатқа көз жеткізу үшін түсініктемелер бір-біріне ұқсас болуы
керек.
Логикалық жағынан алғанда, екі жағдайдағы түйіндеу де дұрыс, бірақ мәселе онда емес,
мәселе мынада болған: оқиғаның ақиқаттығына көз жеткізу үшін негізгі ой түйіні жеке
бастың уәж-нанымына ғана сүйенбей, фактілерге негізделген уәж-нанымына сүйеніп
жасалуы керек. Ал мұндай наным болмаған жерде — түсініктемелер мейлі ұқсас болсын,
мейлі әр қилы болсын — бәрібір оқиғаға сайма-сай келетін түйін жасауға болмайды, тек
нақты дерегі жоқ пікірге ғана келуге болады. Кез келген үкімнің немесе жазықты-
жазықсыздықты анықтаудың негізінде барлық фактілердің жиынтығы жатуға тиіс.