Қазақстанның ашық кітапханасы
35
бір сөз, бірақ Ғарафта
177
басқалар дүр. Дүниеде ғылым заһири
178
бар, олар
айтылмыштарды жазылмыштар, оны нақлия
179
деп те айтады. Бұл нақлияға жүйріктер
ғалым атанады. Құдай тәбәрака уа тағала ешбір нәрсені себепсіз жаратпаған, мұны ізерлеп
тәффаккару фи әла-иллаһи
180
деген хадиске бинаән
181
бұл сұнғати
182
құдадан ізерлеп,
құмар болып ғибратланушыларға тыю жоқ, бәлки сұнғатынан себебін білмекке
құмарлықтан саниғ
183
ғашықтық шығады. Құдай тәбәраканың затына пендесінің ақылы
жетпесе, дәл сондай ғашықпын демекте орынсыз. Ғашық-мағшұғлыққа
184
халик бірлән
махлұқ ортасы мунәсибәтсіз
185
, Алла тағаланың пендесін махаббат уа мархамат бірлән
жаратқанын біліп, махаббатына махаббат пенен ғана елжіремекті құдаға ғашық болды
дейміз. Олай болғанда хикмет құдаға пенде өз ақылы жетерлік қадірін ғана білсем деген
әрбір істің себебін іздеушілерге хакім ат қойды. Бұлар хақ бірлән батылды айырмаққа,
себептерін білмекке тырысқандарыменен һәммасы адам баласының пайдасы үшін, ойын-
күлкі түгіл, дүниедегі бүкіл ләззат бұларға екінші мәртабада қалып, бір ғана хақты таппақ,
әрбір нәрсенің себебін таппақпенен ләззаттанады.
Адаспай тура іздеген хакімдер болмаса, дүние ойран болар еді. Фиғыл пәнденің
186
қазығы
— осы жақсы хакимдер, әр нәрсе дүниеде бұлардың истихражы
187
бірлән рауаж
188
табады.
Бұлардың ісінің көбі — дүние ісі, ләкин осы хакимдердің жасаған, таратқан істері. Әд-
дүния мәзрәгәтул-ақирет
189
дегендей, ақиретке егіндік болатын дүние сол. Әрбір ғалым —
хакім емес, әрбір хакім — ғалым. Ғалымдарының нақлиясы бірлән мұсылман иман
тақлиди кәсіп қылады. Хакімдердің ғақлияты бірлән жетсе, иман якини
190
болады. Бұл
хакімдерден мұрат — мұсылман хакімдері, болмаса ғайри діннің хакімдері — әғәрше
фатлубни тәжидуни
191
делінсе де, дүниенің һәм адам ұғлы өмірінің сырына жетсе де,
діннің хақ мағрифатына
192
жете алмағандар. Бұлардың көбі — иманның жеті шартынан,
бір Алланы танымақтан ғайри, яғни алтауына кімі күмәнді, кімі мүнкір
193
болып,
тахқиқлай алмағандар. Егер бұлар дін ұстазымыз емес болса да, дінде басшымыз
құдайдың елшісі пайғамбарымыздың хадис шарифі, хайрун нас ман йанфагунас
194
деген.
Бұл хакімдер ұйқы, тыныштық, әуес-қызықтың бәрін қойып, адам баласына пайдалы іс
шығармақлығына, яғни электрияны тауып, аспаннан жайды бұрып алып, дүниенің бір
шетінен қазір жауап алып тұрып, от пен суға қайласын тауып, мың адам қыла алмастай
177
Ғарафта (арабша) – Арафа (таудың аты). Зулт-Хиджа айының 9-күні. Бұл күнде қажыға
барғандар Арафат тауына шығады.
178
Ғылым заһири (арабша) – шынайы ғылым.
179
Нақлия (арабша) – дәстүрлі ғылымдар.
180
Таффаккару фи әла-иллаһи (арабша) – ұлы Алла туралы ойлану.
181
Бинаән (арабша) – негізделген.
182
Сунғат (арабша) – жақсы іс.
183
Саниғ (арабша) – жақсылық жасаушы, жаратушы.
184
Мағшұғлық (арабша) – сүйгені.
185
Мунәсибатсіз (арабша) – байланыссыз, қарым-қатынас, туыстық.
186
Фиғыл пәнде (парсыша) – адам ісі деген мағынада.
187
Истихраж (арабша) – шығару, алу.
188
Рауаж – таралу, айналым.
189
Әд-дүния мәзрәгәтул-ақирет (арабша) – дүние – дүние ақиреттің егіндігі (бұл дүниеде жасалған
игілікті іс ақыретте жеміс болады деген мағынада).
190
Иман яқини (арабша) – шын, нақтылы, шынайы сенім.
191
Фатлубни тәжидуни (арабша) – талап қылсаң табасың (мені).
192
Мағрифат (арабша) – тану, білу.
193
Мүңкір (арабша) – қарсы болу, сенбеу.
194
Хайрун нас ман йанфагунас (арабша) – адамның жақсысы адамға пайда келтірген адам.