Қазақстанның ашық кітапханасы
34
болмақтықты айтып бұйырды, бұл рақым болса керек. Бірақ менің ойыма келеді, бұл екі
таһифа әр кісі өздеріне бір түрлі нәпсісін фида қылушылар деп. Яғни, пенделіктің
кәмәлаты әулиелікпен болатұғын болса, күллі адам тәркі дүние болып һу деп тариқатқа
161
кірсе, дүние ойран болса керек. Бұлай болғанда малды кім бағады, дұшпанды кім
тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін
жаратқан қазыналарын кім іздейді? Хәрами
162
, макруһи
163
былай тұрсын, құдай тағаланың
қуатыменен, ижтиһад ақылыңменен тауып, рақатын көрмегіне бола жаратқан, берген
ниғметтеріне
164
, онан көрмек хұзурға
165
суық көзбен қарап, ескерусіз тастап кетпек
ақылға, әдепке, ынсапқа дұрыс па?
Сахиб ниғметке
166
шүкіршілігің жоқ болса, әдепсіздікпенен күнәкәр болмайсың ба?
Екінші — бұл жолдағылар қор болып, дүниеде жоқ болып кету де қаупі бар, уә кәпірлерге
жем болып кету де, қайсыбір сабырсызы жолынан тайып, сабырмен бір қарар тұрамын
дегені болып кетселер де керек. Егерде бұл жол жарым-жартыларына ғана айтылған
болса, жарым-жарты раст дүниеде бола ма? Рас болса, һәммаға бірдей раст болсын,
алалаған раст бола ма, һәм ғадаләт бола ма? Олай болғанда, ол жұртта ғұмыр жоқ болса
керек. Ғұмыр өзі — хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, онда кәмәлат жоқ. Бірақ
әулиелердің де бәрі бірдей тәркі дүние
167
емес еді, ғашәрән
168
— мүбәшәрәдан
169
қазірет
Ғосман, Ғабдурахман бин Ғауф уа Сағид бин Әбудқас үшеуі де үлкен байлар еді. Бұл тәркі
дүниелік: я дүние ләззатына алданып ижтиһадым шала қалады деп, бойына сенбегендік; я
хирс
170
дүниеліктен қауымның көңілін суытпақ үшін, ренжуге сабыр етіп, өзін фида
қылып, мен жаныммен ұрыс қылғанда, халық ең болмаса нәпсісімен ұрыс қылып, һәуа
171
һәуастан әрбір арзу
172
нәпсіден суынып, ғадаләт, мархамат, махаббатына бір қарар болар
ма екен деген үмітпенен болса керек Олай болғанда о да жұртқа қылған артық
махаббаттан хисап. Бірақ бұл жол — бек шетін, бек нәзік жол. Бұл жолда риясыз
173
,
жеңілдіксіз бір қарар тұрып
174
іздеген ғана кісі істің кәмәлатына жетпек. Бұл заманда
надир
175
, бұған ғылымның да зоры, сиддиқ, қайраттың да зоры, махаббаттың халлақна да,
уа халық ғаламға да бек зоры табылмақ керек. Бұлардың жиылмағы — қиынның қиыны,
бәлки фитнә
176
болар.
Басына һәм бір өзіне өзгешелік бермек—адам ұлын бір бұзатын іс. Әрбір наданның бір
тариқатқа кірдік деп жүргені біз бұзылдық дегеніменен бір болады. Хакім, ғалым асылда
161
Тариқат (арабша) – діни ағым, дін жолы.
162
Хәрами (арабша) – арам нәрсе.
163
Макруһи (арабша) – жиренішті, жаман. Діни ұғым бойынша жасауға болмайтын іс, әбүйірсіз іс.
164
Ниғмет (арабша) – жақсы өмір, байлық, (Алланың) берген бақыты, рақметі.
165
Хұзур (арабша) – көркею, даму, мәдениеттілік, рақатшылық. Арабтың «д» әрпі иракта «з» деп
айтылады.
166
Сахиб ниғмет (арабша) – байлық, дәулет иесі. Бұл жерде «құдайдың бергені» деген мағынада.
167
Тәркі дүние (арабша) – дүниеден безген.
168
Ғашәрән (арабша) – 1) туыс, жақын; 2) дос жолдас.
169
Мубәшар (арабша) – Құдай жолындағы адам, дін таратушы (Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.)
сахабалары, оның жолын қолдаушылар).
170
Хирс (арабша) – сараңдық, дүние құмарлық.
171
Һәуа (арабша) – әуестену, әуесқойлану. Һәуас (арабша) – орынсыз әуесқойлық, соқыр сезім.
172
Арзу (арабша) – тілек, мақсат.
173
Рия (арабша) – екі жүзділік, көз бояушылық.
174
Қарар тұрып (арабша) – шешім қабылдау.
175
Надир (арабша) – сирек, асыл зат, сирек кездесетін қасиет.
176
Фитнә (арабша) – көтеріліс, қарсылық.