Қазақстанның ашық кітапханасы
36
қызметтер істетіп қойып тұрғандығы, уахсусан
195
адам баласының ақыл-пікірін ұстартып,
хақпенен батылдықты айырмақты үйреткендігі—баршасы нафиғлық
196
болған сон, біздің
оларға міндеткерлігімізге дау жоқ.
Бұл заманның молдалары хакім атына дұшпан болады. Бұлары білімсіздік, бәлки бұзық
фиғыл, әл-инсан ғәдду ләма жәһилгә хисап
197
. Олардың шәкірттерінің көбі біраз ғарап-
парсыдан тіл үйренсе, бірлі-жарым болымсыз сөз бахас үйренсе, соған мәз болып, өзіне
өзгешелік беремін деп әуре болып, жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі зарарлар
хасил
198
қылады, „һай-һой!" менен, мақтанменен қауымды адастырып бітіреді. Бұлардың
көбі әншейін жәһил
199
түгіл жәһиләләр кібік
200
талап болса, қайда хақ сөздер келсе, қазір
ынсапқа қайтсын һәм ғибраттансын. Рас сөзге ор қазып, тор жасамақ не деген ынсап, құр
өзімшілдік һәм әр өзімшілдік — адам баласын бұзатын фиғыл. Растың бір аты — хақ,
хақтың бір аты — Алла, бұған қарсы қаруласқанша, мұны ұғып, ғадаләтпен тәптештеуге
керек. Мұндай фиғылдардан күпір
201
қаупі де бар. Және пайғамбарымыз салаллаһу
ғалайһи уәссәллам „ақыр заманда бір жылдық бір күн болар" дегенде сахаба-и кәрәмлар
202
„бұл бір жылдық бір күнде намаз нешеу болар" деп сұрағанда: оның патуасын сол
заманның ғалымдары білер деген сөзінен ғибратланып қарасаң, замана өзгеруімен
қағидалар өзгерілмегін білдіргені мағлұм болады. Бүл күндегі тәхсилғулум
203
ескі
медреселер тұрпында болып, бұл заманға пайдасы жоқ болды. Соған қарай Ғұсманияда
204
мектеп Харбия
205
, мектеп рушдиялар
206
салынып, жаңа низамға айналған. Мұндағылар
ұзақ жылдар өмір өткізіп, ғылымды пайдасыз ұзақ бахастар бірлән күнін өткізіп,
мағишат
207
дүниеде надан бір ессіз адам болып шығады да, ешбір қарекетке лайықты жоқ
болған соң, адам аулауға, адам алдауға салынады. Көбінесе мұндай ессіздердің насихаты
да тасирсіз
208
болады.
Дүниенің мәғмурлығы
209
бір түрлі ақылға нұр беріп тұратұғын нәрсе. Жоқшылықтың
адамды хайуандандырып жіберетіні де болады. Бәлки, дүниенің ғылымын білмей
қалмақтық — бір үлкен зарарлы надандық, ол құранда сөгілген; дүниеде кімде-кім өзіне
өзгешелік бермек қасады бірлән малға махаббатын аударған дүние болмаса, ихсанда
210
195
Уахсусан (арабша) – әсіресе, ерекше.
196
Нафиғ (арабша) – пайдалы, өнегелі іс.
197
Әл-инсан ғәдду ләма жәһилгә хисап (арабша) – адам жаманшылыққа ауып тұрады (адам да
ақымақ сияқты болады).
198
Хасил (арабша) – нәтиже, қорытынды.
199
Жәһил (арабша) – надан, шала оқыған.
200
Жәһиләләр кібік (арабша) – надандар сияқты, надан, оқымаған, шала оқыған. Бұл жерде араб
сөзіне –лар, –лер көптік жалғауы жіне кібік деген татар сөзі жалғанған.
201
Күпір (арабша) – діннен шығу, дінді бұзу.
202
Сахаба-и кәрәмлар (арабша) – Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) қадірлі әріптестері – Мұхаммед
пайғамбарды (с.ғ.с.) қолдаушы сахабалары, қадірлі, сүйікті рухани әріптестері.
203
Тәхсилғулум (арабша) – үйрену, жетілу, білім жинау.
204
Ғусмания – бұрынғы Түркия патшалығы.
205
Харбия (арабша) – соғыс мектебі.
206
Рушдия (парсыша) – білім беру мектебі, кәмелеттік жетілдіру.
207
Мағишат (арабша) – тіршілік.
208
Тасир
(арабша) – әсер.
209
Мәғмур (арабша) – әлем.
210
Ихсан (арабша) – жақсылық, игі іс.