Page 33 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
33
иман құр инанышпенен болмайды, ғадаләт уа рафғат бірлән болады. Ғәмалус-салих
ғадаләтті уә мархамәтті болмақ күллі тән бірлән қылған құлшылдықтардың ешбірі
ғадаләтті, мархаматты бермейді. Көзің күнде көреді намаз оқушы, ораза тұтушылардың не
халәттә екендіктерін, оған дәлел керек емес. Бәлки ғадаләт барша ізгіліктің анасы дүр.
Ынсап, ұят — бұл ғадаләттен шығады. Оның үшін ғадаләті адамның көңіліне келеді: мен
өз көңілімде халық менімен, сондай-мұндай қылықтарымен мұғамәла
143
қылса екен деп
ойлап тұрып, өзім сол халықтармен мұғамәла қылмағандығым жарамайды ғой деп, сол өзі
әділет те және ынсап та емес пе? Ол һәмма жақсылықтың басы емес пе? Жә, олай хұлық
144
пенен сол ойды ойлаған кісі халлақыны
145
шүкірді неге ойламасын?
Шәкірліктен
146
ғибадаттың бәрі туады. Енді зинһар
147
ғадаләт, шапағаттан босанбаңдар.
Егер босансаң, иман да, адамдық та һаммасы босанады. Аллаяр софының бір фәрдәдән
жүз фәрдә бижай
148
дегені басыңа келеді. Енді біздің бастағы тағриф бойынша құдай
тағала ғылымды, рахымды, ғадаләтті, құдіретті еді. Сен де бұл ғылым, рахым, ғадаләт үш
сипатпенен сипаттанбақ: ижтиһатің
149
шарт еттің, мұсылман болдың һәм толық
инсаниятың
150
бар болады. Белгілі жәуанмәртлік
151
үш хаслат
152
бірлән болар деген,
сиддиқ
153
, кәрәм
154
, ғақыл
155
—бұл үшеуінен сиддиқ ғадаләт болар, кәрәм шафағат болар.
Ғақыл мағалұм дүр, ғылымның бір аты екендігі. Бұлар әр адамның бойында Алла табарака
уатағала тәхмин
156
бар қылып жаратқан. Бірақ оған рәуаж
157
беріп гүлдендірмек, бәлки,
адам өз халінше кәмәлатқа жеткізбек жәһәтінде
158
болмақ. Бұлар — өз иждиһадің бірлән
ниет халис
159
бірлән ізденсең ғана берілетін нәрселер, болмаса жоқ. Бұл айтылмыш үш
хасләттің иелерінің алды — пайғамбарлар, онан соң — әулиелер, онан соң — хакимдер, ең
ақыры – кәміл мұсылмандар. Бұл үш түрлі фиғыл құданың соңында болмақ, өзін құл біліп,
бұл фиғылдарға ғашық болып тұтпақты пайғамбарлар үйретгі әулиелерге, әулиелер
оқыды, ғашық болды. Бірақ, ухрауи
160
пайдасын ғана күзетті. Ғашықтары сол халге жетті,
дүниені, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытты. Балки, хисапқа алмады. Хакимдер дүниеде
тиетін пайдасын сөйледі, ғибрәт көзімен қарағанда, екеуі де бірінен-бірі көп жырақ
кетпейді. Оның үшін әрбірінің сөйлеуі, айтуы басқаша болса да, Алла тағаланың
сұңғатына қарап пікірлемектікті екеуі де айтты. Пікірленбек соңы ғибраттанбақ болса
керек. Бұл ғақыл, ғылым — екеуі де өзін зорға есептемекті, залымдықты, адам өзіндей
адамды алдамақты жек көреді. Бұл ғадаләт һәр екеуі де мархаматта, шапағатты
143
Мұғамәла (арабша) – қарм-қатынас, араласу, қатысу.
144
Хұлық (арабша) – мінез, құлық.
145
Халлақ (арабша) – жаратушы.
146
Шәкірлік (арабша) – ризалық білдіруші, шүкірлік айтушы.
147
Зинһар (арабша) – жақтаушы, қорғаушы.
148
Бір фәрдәдән жүз фәрді бижай – бір адамнан жүз адам қолайсыз жағдайда (бижай – жәйсіз,
қолайсыз). Фәрдун (арабша) – адам.
149
Иждихат (арабша) – ыждаһат, талапкерлік, ізденушілік, ғылымға талпыну.
150
Инсаният (арабша) – адамгершілік, адамзат ілімі, адамзат табиғаты.
151
Жәуанмәрт (парсыша) – ізгі, жақсы, кең пейілді.
152
Хаслат (арабша) – сипат, түр, қасиет.
153
Сиддиқ (арабша) – шындық, шын.
154
Кәрәм (арабша) – жомарт, ақ пейіл.
155
Ғақыл – ақыл, ақылдылық, даналық.
156
Тәхмин (арабша) – шама, шамасы.
157
Рәуаж (арабша) – тарату, өткізу.
158
Жәһәт (арабша) – ынта, жігер.
159
Халис (арабша) – таза, кіршіксіз. Ниет хадис – таза ниет.
160
Ухрауи (арабша) – о дүние (ақырзаман).