Page 32 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
32
бұлақтар ағызып, өзен болып, өзендер ағып дария болып, хайуандарға, құсқа, малға
сусын, балықтарға орын болып жатыр екен. Жер мақтасын, кендірін, жемісін, кенін,
гүлдер гүлін, құстар жүнін, етін, жұмыртқасын; хайуандар етін, сүтін, күшін, көркін,
терісін; сулар балығын, балықтар икрасын, хатта ара балын, балауызын, құрт жібегін —
һәммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбірінде бүл менікі дерлік бір нәрсе жоқ,
бәрі — адам баласына таусылмас азық.
Миллион хикмет бірлән жасалған машина, фабрик адам баласының рақаты, пайдасы үшін
жасалса, бұл жасаушы махаббат бірлән адам баласын сүйгендігі емес пе? Кім сені сүйсе,
оны сүймектік қарыз емес пе? Адам баласы қанататсыздықпенен бұл хайуандардың
тұқымын құртып, алдыңғылар артқыларға жәбір қылмасын деп, малды адам баласының
өзінің қызғанышына қорғалатып, өзге хайуандарды бірін ұшқыр қанатына, бірін күшті
қуатына, бірін жүйрік аяғына сүйентіп, бірін биік жартасқа, бірін терең тұңғиыққа, қалың
орманға қорғалатып, һәм әрбірін өсіп-өнбекке құмар қылып, жас күнінде, кішкене
уақытында шафғат, сәхәріменен
130
бастарын байлап, қамқор қылып қоймақтығы — адам
баласына өсіп-өніп, тендік алсын емес, бәлки, адам баласының үзілмес нәсіліне таусылмас
азық болсын дегендік. Жә, бұл хикметтерінің һәммасын һәм мархамат, һәм ғадалат
заһир
131
тұр екен. Біз ортамызда бұл мархама
132
ғәдәләтті иманның шартынан хисап
қылмаймыз, оның үшін муслим болғанда, Алла тағалаға тәслим болып, оның жолында
болмақ едік, болғанымыз қайсы? Бұл екі ай мен күннен артық мағұлым тұрған жоқ па?
Фиғылы құданың ешбірін де қарар қылмаймыз, өзгелерде болғанын жек көрмейміз, өзіміз
тұтпаймыз, бұл қиянатшылық емес пе? Қиянатшылыққа бір қарар тұрған адам — я
мұсылман емес, ең болмаса шала мұсылман. Алла табарака уатағаланың пенделеріне
салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді. „Тәфаккару фиғла
133
иллаһи" деген хадис
шарифтің
134
„инналаһу йухиббул муқситин
135
деген аяттарға ешкімнің ықласы, көңілі
менен ғылымы жетіп құптағанын көргенім жоқ. „Әтәмурун әннәсә билбирри уәәхсәну
инналаһу йухиббул мұхсин"
136
, „уәлләзинә әмәну уәғәмилу салихати улайна асхабул
жәннәти һәм фиһа халидун"
137
деген аяттар құранның іші толған ғамалус-салих
138
не
екенін білмейміз. „Уа әммәлзина амәну уәғамилус саликати фәйуәффиһим ужурәһум
уаллаһу лә йүхиббуз-залимин"
139
аятына қарасаң, ғамалус-салих залықтықтың зидды
140
болар. Олай болғанда ғадаләт рафғат
141
болуға кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның хаясы
жоқ, кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ деген, пайғамбарымыздың салаллаһу
ғалайһи уәссәлламнің хадис шарифі „мән-лә хаяун лаһу"
142
деген дәлел дүр. Енді белгілі,
130
Шафхат сәхәрімен (арабша) – көмектеу, бірін бірі қорғау өнері.
131
Ғадалат заһир (арабша) – ашық, айқын, әділеттілік.
132
Мархамат (арабша) – жан ашу, жақсылық іс жасау.
133
Тәфаккару фиғла (арабша) – тәңір туралы ойлану.
134
Хадис шариф (арабша) – хадис, әңгіме.
135
Инналаһу йухиббул мұқсит (арабша) – Шынында да Құдай әділ адамдарды сүйеді.
136
Әтәмурун әннәсә билбирри уәәхсәну инналлаһу... (арабша) – адамдар жақсылық пен
иманшылыққа табынады, соңына ереді, өйткені Алла да жақсыны сүйеді.
137
Уәлләзинә әмәну уәғәмилу... (арабша) – Адал жүрушілердің және жақсылық жасаушылардың
орны ұжмақта (жәнәтта) және олар мәңгі (өмір сүреді).
138
Ғаматус-салих (арабша) – жақсылық іс, игі іс.
139
Уа әммәлзина амәну... — (арабша) – Ал, адал жақсы іс атқаратын адамдар оларға берілген
жақсылықты (қайырымдылықты) толық қайтарады, өйткені құдай залымдарды сүймейді.
140
Зидды (арабша) – қарсы, қарама-қарсы.
141
Ғадаләт рафғат (арабша) – жоғары әділет, әділеттікті жоғары ұстау.
142
Мән-лә хаяун лаһу уәла иманун лаһу (арабша) — кімде-кімнің ұяты болмаса, соның иманы да
жоқ.