Page 340 - Strategiya_nezavisimosti-kaz0

Basic HTML Version

Д
ІНАРАЛЫҚ ҮНҚАТЫСУ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІККЕ БАСТАЙДЫ
339
өзара тәуелділік кез келген жәйт пен тербелісті сезінетін шетін
де сезімтал тетік болып табылады.
Біздің ортақ үйіміз бұл тек қана біздің еліміз емес, соны-
мен бірге біздің бүкіл Жеріміз екені маңызды.
Біздің бәріміз де өзіміздің балаларымыз, немерелеріміз
беншөберелеріміз бейбіт жағдайда, салауатты ортада, басқа
халықтармен және конфессиялармен келісімде, соғыс пен
жоқтықты білместен өмір сүруін қалаймыз.
Біздің қызметіміз, біздің дұғамыз бен жанашырлығымыз
планетаныңоттынүктелерінде, түрлі жанжалдараймағындағы
миллиондаған адамдардың қасіреті тыйылатын жарқын
уақытты жақындатуға жәрдемдеседі деп үміттенемін.
Таяу Шығыста ұзақ күттірген бейбітшілік орнықса, Бал-
канда, Оңтүстік Азияның, Африка континентінің жекелеген
өңірлерінде және Жер шарының басқа тұстарында шиеленіс
бәсеңдесе, бұл біздің бәріміз үшін бақыт әрі игілік болар еді.
Өз сөзімді аяқтай келе мен біздің құрметті қонақтар-
ға – делегациялардың басшылары мен өкілдеріне жұмысқа
белсене қатысқаны үшін тағы да шынайы алғысымды айтқым
келеді.
Осынау күндері біздің атымызға әлемнің көптеген
елдерінен талай-талай хаттар, жеделхаттар, электрондық
пошта арқылы хабарлар келіп түсті.
Осыған байланысты осы форумның идеясына және
діндер арасындағы үнқатысудың қажеттігіне қолдау біл-
дірген мемлекеттердің лидерлеріне, саяси және қоғам
қайраткерлеріне, түрлі елдердің қарапайым адамдары мен
қазақстандықтарға айрықша алғыс сезімін білдіремін.
Маған біз Төзімділік, Ақиқат, Әділдік және Сүйіспен-
шілік секілді мәңгілік құндылықтарға деген өзіміздің
адалдығымызды қуаттайтын формуланы талдап жасай
алғандай болып көрінеді.
Бұл біз қабылдаған Декларацияда көрініс тапты.