Page 339 - Strategiya_nezavisimosti-kaz0

Basic HTML Version

ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСТЕРІ
338
– «біздің ортақ бабамыз – Ыбырайым» – иудаизмнен;
– «өз жақыныңды өлтірме» – деді буддизм өкілі;
– «өзіңмен және табиғатпен үйлесім арқылы бейбітшілік
пен келісімге» – Дао дінінен;
– «өзге адамбасқа дінді ұстанушынемесе тіпті діндар бол-
маса да, оған көмектес» – деді православиелік христиандар;
– «бейбітшілік – Құдайдың сыйы, біздің кездесуіміз
де Құдайдың сыйы секілді» – деп атап өтті Ватиканның дін
қызметшісі.
Яғни біз барлық конфессиялар дін арқылы бейбітшілікті,
төзімділікті, шыдамдылықты, келісім мен адам сүйгіштікті
уағыздайтынына тағы да бір рет айқын көз жеткіздік.
Мұны әлемдік дәстүрлі діни нанымдар түрлі халықтармен
өркениеттер үнқатысуына байланыстырушыбуын бола алаты-
ны жөніндегі біздің сіздермен ортақ пікіріміз де қуаттайды.
Бізге қазіргі өмірде түрлі діни нанымдар өздерінің
бай тарихының барысында жинақтаған зор жасампаздық
тәжірибесін пайдалану өте маңызды.
Біздің бәрімізде Хаққа бастайтын жол біреу. Сондықтан
да діндер арасындағы әлдеқайда белсенді үнқатысудың
уақыты жетті.
Біз беделді руханилидерлерменқатардағыдіндарлардың
біртұтас ерік-жігерін тұрақты негізде іске асыра алатын ха­
лықаралық конфессияаралық ұйымға деген айқын сұранысты
сезіп отырмыз. Бұл ұсынысты әр сөйлеуші де айтты.
Бұл функцияны әлемдік және дәстүрлі діндер форумы
толығынан атқара алар еді.
Дін XХІ ғасырда жасампаздық пен дамудың ынталан­
дырғышына айналуға қабілетті ме?
Осы екі күнгі біздің бірлескен жұмысымыз сөзсіз қабілетті
екендігін айқын көрсетті деп ойлаймын.
Біз қарапайым, алайда сөзсіз бір ақиқатты түсінуге тиіс-
піз – бүгінгі дүниеде біздің бәріміз өзара тәуелдіміз. Және бұл