ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСТЕРІ
340
Біз экстремизмнің, сепаратизмнің, лаңкестіктің және дін
үшін деп күш қолданудың басқа да формаларының діннің
шынайыұғымымен ешқандайортақтығыжоқ дегенжәне олар
адамзат үшін қатер болып табылады деген пікірге келдік.
Біз діндарлық үнқатысу қоғамдық дамудың және барлық
халықтардың әл-ауқатын жақсартудың шешуші бір әдісі бо-
лып табылатынын мойындадық.
Біз бейбітшілік пен адамзат прогресін болашақтағы
үйлесімді дүниенің негізі ретінде қоғамдардағы тұрақтылықты
қамтамасыз ету ісіне барлық күш-жігерімізді жұмсауға
әзірлігімізді білдірдік.
Мен осы форумға қатысушылардың барлығына бізге
келесі Съезді әзірлеу жөнінде сенім көрсеткені үшін және
Қазақстанның атына айтылған ықыласты сөздер үшін алғыс
айтамын.
Осының өзі-ақ Бейбітшілік пен келісім аумағын, Үйлесім
және айқындық уақытын жасау құралы ретіндегі тұрақты
дінаралық үнқатысу идеясы іске аса бастағанын танытады.
Өзді-өз үйлерімізге тарағаннан кейін біз Астанадағы
кездесуді ұмытпайтынымызға, қатынасымызды, пікір алма-
суымызды және бейбітшілік пен келісімді дамыту, шиеленіс
пенжанжалдарды еңсеру жөніндегі күнделікті жұмысымызды
жалғастыра беретінімізге сенгім келеді.
Егер біз осындағы әңгімелердің мәні мен мазмұнын
барлық өз діндарларымызға, өз елдеріміздің азаматтарына
жеткізетін болсақ, біз тек осымен ғана бейбітшілік пен келісім
ісіне зор үлес қосамыз.
Біздің Съезімізді өзіміз қабылдаған Декларациядағы
сөздермен аяқтау орынды деп білемін: біздің іс-әрекетіміз
шапағатты болсын, Жер шарының барлық халықтарына
әділдік, бейбітшілік пен өркенділік сый болсын.
Сіздерге және сіздердің елдеріңізге Құдайдың қайы-
рымы түссін. Сіздерді пәле-жалалар мен қырсық айналып