Page 338 - Strategiya_nezavisimosti-kaz0

Basic HTML Version

Д
ІНАРАЛЫҚ ҮНҚАТЫСУ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІККЕ БАСТАЙДЫ
337
болды. Біз бәріміз өркениеттер, конфессиялар, елдер мен
халықтар арасындағы келісімді нығайту және үнқатысу прак-
тикасын орнықтыру жолында тағы бір өте маңызды қадам
жасадық.
Біздің сұхбаттарымыз бен пікірталастарымыздыңнәтижесі
болашақ жолындағы, түрлі діндер мен ұлттар адамдарының
бейбіт те лайықты тұрмысы жолындағы ынтымақтастық
идеясы өмір сүруге құқылы екенін барынша нанымдылықпен
көрсетіп берді.
Сан алуандық – кемшілік емес, керісінше, бұл Құдайдың
баға жетпес сыйлығы, сол сан алуандықтың арқасында шы-
найы өзара молығушылық, нағыз даму жүреді.
Әр халықтың қайталанбас, тек өзіне ғана тән дәстүрлері,
тарихы, ойлау қабілеті бар. Әркім адамзаттың сан әуезді ру-
хани мәдениетіне өзінің айрықша әуенін қосады.
Сіздердің назарларыңызды әрқилы жалған діни бір­
лестіктер саныныңжәнеықпалының артуы секілді проблемаға
аудартқым келеді.
Олар іс жүзінде әр елде бар және негізінен қазіргі әлемде
орын алып отырған қиындықтар арқылы күн көреді.
Олардың көпшілігі сәнге айналған әрекет арқылы тіпті де
момақан емес идеяларды уағыздайды, тіпті де ізгі емес істерді
жасайды, бұлардың салдары діннің, азаматтық қоғамның
ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің негіздерін әлсіретеді.
Біздің азаматтарымызды кез келген келеңсіз ықпалдан
қорғай отырып, мұндай ұйымдарға қарсы тұруға, олардың
қызметін тыйып тастауға тиіспіз.
Барлық әлемдік, дәстүрлі-ұлттық діндер үшін ортақ бо-
лып табылатын ізгілік қағидаттарының өшпес өзектілігі біздің
бәріміз үшін барған сайын айқын бола түсуде. Келіңіздер, осы
съезде түрлі тілде естілгенжәне түрлі дін қайраткерлері айтқан
ақиқаттарды еске түсірейікші:
– «барша адамға ортақ болмыс бір ғана Хаққа бастай-
ды» – ислам өкілінің сөзінен;