Page 337 - Strategiya_nezavisimosti-kaz0

Basic HTML Version

ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСТЕРІ
336
Келешекте бұл әлемдегі дінаралық шиеленісті бәсеңде-
ту, руханиятты, бейбітсүйгіштік пен төзімділікті насихаттау
міндеті болатын халықаралық ұйымның негізін қалай алар еді.
Біз сондай-ақ
Діни төзімділік хартиясын
әзірлеуге
алғашқы қадам жасай аламыз. Бүгінгі таңда діндердің бейбіт
қатар өмір сүруі қағидаттарын жай ғана жазып қоятын
емес, сондай-ақ олардың арасында сындарлы үнқатысудың
қажеттілігін дәлелдейтін құжат аса қажет.
Біз
Діндердің бірыңғай мәдени орталығын
құру
туралы ойластыра алар едік. Бұл идея әлдеқашан пайда
болған, ал бүгін оны нақты іске асыру қажеттілігі пісіп-жетілді.
Егер діни қайраткерлер бізге сенім артып тапсырса, онда
біз сіздердіңқолдауларыңызбен, сіздердіңқатысуларыңызбен
осы маңызды әрі өзекті міндеттерді шешуге кірісуге даярмыз.
Құрметті съезге қатысушылар мен қонақтар!
Сіздерге осы заманғы әлемнің проблемаларына қа­
тыстылықтарыңыз және терең ден қойғандарыңыз үшін тағы
да шын жүректен алғысымды білдіремін.
Мен рухани уағызшылардың бүгінгі биік мұраты өз
дінін адамдарға кіршіксіз таза, артықшылық көрсетумен
бұрмаланбаған, түсінбеушіліктен, әсіреседұшпандықпен
ашу-ызадан арылған күйде жеткізуінде деп білемін.
Мен сіздердің баршаңыздың шынайы сенім, шын­
дық, мейірбандық пен адамға деген сүйіспеншілік
нұрын себетіндеріңізді білемін. Сіздердің баршаңызға
шын мәніндегі орасан зор және әр кезде қайтарымды
бола бермейтін еңбектеріңіз үшін терең тағзым.
Сіздерге игілік пен бақыт тілеймін!
***
Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!
Біздің форумның, біздің бірлескен кездесулеріміздің
күндері қас қағым сәттей өте шықты. Олар әсерлі де жемісті