Д
ІНАРАЛЫҚ ҮНҚАТЫСУ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІККЕ БАСТАЙДЫ
335
Бұл сол сияқты қоғамның неғұрлым кембағал
жіктеріне қатысты рахымдылық пен қайырымдылық.
Алдағы кезеңде осы мәселелер, менің ойымша,
үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың, күллі әлемдік
қоғамдық институттардың қызметінде елеулі орын алуға тиіс.
Және, әлбетте, бұл істе әлемдік және ұлттық-дәстүрлі
діндер өздерінің елеулі рөлін атқаруға тиіс.
Қазақстан жеріндегі кездесу конфессияаралық үнқатысу
мәдениетін қалыптастыруға өзінің қарапайым үлесін қоса
алар еді.
Біздіңше, әңгіме сабағаттық кездесулер жүйесін құру
туралы, мұндай үнқатысудың белгілі бір ресімдері мен нор-
маларын қалыптастыру туралы бола алар еді.
Соныменбірге бізге қандайбір ақырғымақсаттар қоюдың
қажеті жоқ, қоюға да болмайды деген менің пікіріме сіздер
келісесіз деп ойлаймын. Біртұтас діни кеңістік құруға болмай-
ды. Қазіргі бар айырмашылықтарды ақырына дейін еңсеруге
болмайды, оның үстіне олар ұлы діндердің негізіне қатысты
болып отыр.
Алайда тұрақты үнқатысудың құндылығы мынада, орын
алып отырған келіспеушіліктерге қарамастан, бәзбір «алтын
ортаны» іздеудің мәні мен процесінің өзі сақталады. Және
ең бастысы – үнқатысу бейбітшілік пен келісім аумағын,
үйлесім мен айқындық уақытын қалыптастырады. Мен діни
үнқатысудың сөзсіз құндылығын осыдан көремін.
Осыған байланысты мен барлық діндер мен конфес-
сиялардың өкілдеріне
Діндер форумын тұрақты негізде
өткізу ұсынысымен
қайырылып отырмын.
Мұндай институттың құрылуы дінаралық үнқатысудың
негіздерін нығайтады, діни қайраткерлер мен діндарлардың
өздерінің арасындағы сындарлы байланыстарға жүйелілік
сипат береді.