Page 335 - Strategiya_nezavisimosti-kaz0

Basic HTML Version

ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСТЕРІ
334
Ал қазіргі кезде өркениеттердің теке тіресі емес, қайта
мәдени-діни жүйелердің, мейлі әрдайым жеңіл болмаса да
әрі жаңа дүниеге, жаңа технологияларғажәнежаңа қоғамдық
қатынастарға сәйкес келмесе де, бейімделуі жүріп жатыр.
Бәлкім, біз бәріміз де жаһандану мен өндірісте бол-
сын, сондай-ақ қоғамдық-саяси құрылымда болсын осы
заманғы технологиялар уақыт сынағына сөзсіз сай келетінін
түйсінерміз.
Алайда олардың бойында тек қана игілік емес, соны-
мен бірге келеңсіз көріністері де бар, оларды қоғам жоққа
шығармаса да, барынша азайта алады.
Материалдық игіліктермен ешқандай байланыспайтын
даусыз ұлықұндылықтар бар, олар адам үшін әрдайымбасым
және негіз қалаушы болып қалады.
Олардың бастылары – руханият, адамгершілік. Бұларды
өз бойына негізгі жинақтаушы дін болып табылады, ол
ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни дәстүрлерді,
әр халықтың төлтума тарихи және мәдени тәжірибесін сақтап
келеді.
Ақыр соңында, үшіншіден.
Ғаламдық, ХХІ ғасырдың
алаңдаушылықпенқатерге толыәлеміндемемлекеттің, діннің,
азаматтық қоғамның, менің ойымша, ізгі ниет білдіруінің
ерекше және бірыңғай стратегиясы мен жолы бар.
Бұл – бітімгершілік, елдердің, халықтардың,
конфессиялардыңарасында келісімге, өзара түсіністікке,
ынтымақтастыққа қол жеткізуіне бағытталған үндеу
және іс-қимыл.
Тек қана төзімділік пен серіктестік арқылы біз
лаңкестік, жаппай қырып-жою қаруы мен кез келген
басқа қаруды тарату, есірткі бизнесі мен оның зардап-
тары, экологиялық апаттар, біздің заманымыздың дене
бітімдегі және әлеуметтікдерттері тәрізді әлемдікнәубет
көріністеріне қарсы күресте біз табысқа қол жеткізе
аламыз.