Page 334 - Strategiya_nezavisimosti-kaz0

Basic HTML Version

Д
ІНАРАЛЫҚ ҮНҚАТЫСУ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІККЕ БАСТАЙДЫ
333
Мен қазіргі мәдени-өркениеттік және діни айырма­
шылықтарғаидеологиялық, саясиреңкберугежолберу-
ге болмайтындығы туралы
батыл мәлімдер шақ келгеніне
кәміл сенімдімін.
Біз
өздерін жалған діни сипаттағы доктриналар-
мен бүркемелейтін агрессия және зорлық-зомбылық
актілерінің шынайы болмысын
тани білуге және оны
әшкерелеуді үйренуге тиіспіз.
Екіншіден,
қазір
«өркениеттер жанжалы» тура-
лы емес, қайта «өркениеттер кездесуі» туралы
айту
әлдеқайда орынды. Ешқандай да «тарихтың аяқталуы»
мынадай қарапайым себепке байланысты бола қоймайды,
адамзат бүгінгі тарихи кезеңде және, менің ойымша,
келешекте де әлемдік қауымдастық өз тіршілігінің
бірден-бір негізі ретінде қабылдай алар бірден-бір әрі
әмбебап өркениет моделіне қол жеткізген жоқ, жеткізе
де алмайды.
Меніңше, бұл «ұйқыдағы сана» душар еткен миф-
тер мен мүлде жалған мақсатқа ұмтылыстар.
Және де
мұны әрбір сарабдал саясаткер, әрбір мемлекеттік және діни
қайраткер айқын ұғынуға тиіс.
Кез келген моножүйенің, күллі адамзат тұрмақ, тіпті
оның бір бөлігінің теңдестігін, тұрлаулылығы мен дамуын
қамтамасыз етуге шамасы келмейді, бұл менің терең сенімім.
Оның бойында әрдайым жанжал мен жарылыс қатері бұғып
жатпақ.
Тек қана әр алуандылыққа, көпұлттылыққа,
көпдінділікке негізделген бірлік формуласы ғана дұрыс.
Ешкімнен кем түспейтін терең әрі елеулі тарихы,
өз нышаны мен ділі бар басқа да өркениеттердің,
мәдениеттердің, діндердіңбарекенін
ұғынужәнемұнымен
санасу қажет.Жәнемұныешқандай күшқолданужәнеырыққа
көндіру әдістерімен жоққа шығаруға болмайды.