Page 333 - Strategiya_nezavisimosti-kaz0

Basic HTML Version

ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСТЕРІ
332
Бұл тұрғыда Еуразияның орталық бөлігінің ерекшелігі
мұнда діннің көптеген халықтарды ұлттық топтастырудың
факторына да айналуында болып отыр.
Осынау орасан кеңістікте тұтас ондаған жылдар бойы
ождан бостандығының және діндарлардың өз діни қажет-
тіліктерін өтеуінің дәстүрлері жасанды түрде тоқтатылғанын
да ұмытуға болмайды. Біз дін туралы жаңа заңдар қабыл-
дағаннан кейін діни наным жаңа ғұмырын бастады, барлық
қауымдардағы діндарлар саны күрт өсе түсті.
Мұның өзі қуанышты жағдай, өйткені
дін жаһандану
дәуірі басталғанғадейіндүниеде гуманизмжәнемәдени
үндесу идеясын сақтаған және таратушы бірден-бір
жаһандық құбылыс
болып табылады.
Рухани әмбебаптығымен қатар дін
халықаралық
ынтымақтастықтың ықпалды институты да.
Бұл әсіресе
қазір, кей жағдайларда этностық-діни реңкте болатын
жергілікті және өңірлік жанжалдар саны өсіп отырған біздің
уақытта маңызды.
Саяси реттеу әдістері іске аспаған жерде Құдай Сөзінің
рөлі татуластыру мен үміттің бірден-бір құралыболып қалуда.
Негізіне адамгершіліктің ең жоғары үлгілері алынған діни
дәстүрлердің рөліне біздің қауырт, кейде бейретсіз өзгеріп
жатқан дүниеде баға жетпейді.
Өкінішке қарай, біз бүгінгі әлемде
діннің адамдарды
саяси іс-әрекетке жұмылдыру қабілеті
тіпті де ізгі емес
мақсаттарға
пайдаланылуының
куәсі болып отырмыз.
«Киелілік»категориясыныңмәнініңөзі бұрмалануда.
Оныкері бұрмалап түсіндіру адамзат заңдарына астам-
шылықпен қарауға, ауажайылушылыққа, моральмен,
адамгершілікпен, гуманизммен, кез келген діннің
негізгі қағидаттарымен сыйыспайтын іс-әрекеттерге
жетелейді.