Page 332 - Strategiya_nezavisimosti-kaz0

Basic HTML Version

Д
ІНАРАЛЫҚ ҮНҚАТЫСУ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІККЕ БАСТАЙДЫ
331
Халықтардың, діндердің, мемлекеттер мен үкі­
меттердің бейбіт қатар өмір сүруі мен сындарлы өзара
іс-қимылы туралы мәселе қазіргі кезде ерекше өзекті
маңызға ие болуда. Таза теориялық аядан ол аса ма­
ңызды практикалық міндеттер қатарына шықты.
Нақ сондықтан да көптеген аса көрнекті саяси және діни
қайраткерлердің күш-жігерімен шынтуайтында байырғы
заманнан қазіргі күндерге дейін тоқталмаған діндердің,
мәдениеттердің, өркениеттердің үнқатысуын жалғастыру аса
қажет болып табылады.
Бізге оқиғалар мен құбылыстарды әлемдік, сондай-ақ
өңірлік, мемлекетішілік өлшемдер тұрғысынан терең сыни
талдау қажет.
Бұл талдау, сөзсіз, былайша айтқанда, «дәнді қауызы­
нан аршуға», адамзат қауымдастығын әрқилы саяси, эко­
номикалық, діни, әсіресе, әскери экстремизмнен қорғауға
жәрдемдеседі.
Бұл талдаудың бүгінгі таңда әлемде жетіп артылатын
«қарапайым шешімдерге» елігуден, ізгілікке жат идеяларға
бой алдырудан дәру болуы мүмкін екендігіне күмәнім жоқ.
Осы орайда мен біздің заманымыздың кейбір пробле-
малары жөніндегі өз топшылауларымды құрметті форуммен
бөлісуді қалар едім.
Біріншіден, «өркениеттер жанжалы» және «діндер
дағдарысы» тақырыбы бойынша
соңғы жылдары орын
алған пікірлер
негізсіз деп санаймын.
Керісінше, дүние құрылымында болып жатқан түбегейлі
өзгерістер аясында бүкіл дүние жүзінде миллиардтаған
адамдардың технологиялық жаңалықтарға бейімделу
қиындығы, жаһандық рыноктың қатал талаптары салдары-
нан адамзаттың діни ақиқаттан жауап іздеуге жаппай оралуы
жүрді. Өзінің адамгершіл-этикалық әлеуеті тұрғысынан олар-
ды ештеңемен салыстыруға болмайды.