ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛЕСТЕРІ
330
Олар көпбағыттылық, ғаламдық және өңірлік
қауіпсіздік үшінықпалдасу, топтасу, әділеттілік пен про-
гресс идеясына негізделеді.
Қазақстан барлық мемлекеттердің ішінде бірінші болып
қуаты жөнінен әлемде төртінші орындағы ядролық қару ар-
сеналынан өз еркімен бас тартып, әлемдегі аса ірі ядролық
сынақ полигонын біржолата жапты. Бұл біздің жаһандық
қауіпсіздікке қосқан лайықты үлесіміз болып, ол басқа
халықтар мен мемлекеттер тарапынан мойындалды.
Біздің еліміз АзиядағыӨзара сенімжәне қауіпсіздікшара-
лары жөніндегі кеңесті шақырудың бастамашысы болды, ол
өткен жылы өңір мемлекеттері басшыларының Алматыдағы
форумында ұйымдық тұрғыда қалыптасты.
Осы жылдың ақпанында біз Бейбітшілік және келісім
конференциясын өткіздік. Оған көптеген көрнекті діни
қайраткерлер мен конфессиялардың өкілдері қатысты. «Бей
бітшілікпенкелісімгеқадамбасу»Декларациясықабылданды,
Бейбітшілік пен тұрлаулылық форумы құрылды.
Қазақстанда өріс жайған діни конфессиялардың әрбір
жетекшісі өздері басшылық ететін қауымдардың қайта түлеуі
мен рухани өрлеуі фактілерін қуаттай алады деп ойлаймын.
Осының өзі бейбітшілікті, қоғамдағы келісім мен тұр
лаулылықты сақтауға деген біздің мемлекетіміз ұмтылы
сының нәтижесі болып табылады, мұны біз өзіміздің басты
жетістіктеріміздің бірі деп санаймыз.
Біз алда да Қазақстан қоғамының тұрлаулылығы мен
қауіпсіздігінің негіздерін нығайта отырып, қажымай-талмай
әрі тынымсыз жұмыс істейтін боламыз.
Соныменбіргебіз осыбағыттабірмемлекеттіңауқымында
қолға алынған күш-жігер қаншалықты зор болса да, егер
бұған сыртқы факторлардың ықпалы болмаса, тиісті нәтиже
бермейтіндігін көріп отырмыз әрі айқын түйсінеміз. Бұл жер
шарының кез келген мемлекеті үшін даусыз ақиқат.