Page 99 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
98
қажеттілігі туралы болды. Бұл ұсыныс мені мемлекеттік
саясаттың ең негізгі басымдықтары Негізгі Заңда анықталуы
тиіс деген пікірге әкелген, өзімнің көп жылдық ой-толға-
ныстарымның жемісі еді. Менімен бірге жұмыс істеген
заңгерлер басында бұған қарсы болды, олар бұл принцип-
тер – заңдық қағидаларға жатпайды, ал Декларациядан
өзгеше тікелей іс-қимылдың заңдық құжаты болып табыла-
тын Конституцияда ондайлар болмауы керек деп есептеді.
Соған қарамастан, қызу таластардан кейін мен жобаға
осы принциптерді қалайда енгіздірттім. Оған жататындар:
қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың
игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм,
мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демокра-
тиялық әдістермен, оның ішінде Республикалық рефе-
рендумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
1993 жылғы Конституцияда мұндай принциптер тіптен де
болмаған еді, сондықтан ол көп жағдайда мемлекеттің
саясатын кездейсоқтық пен болжаусыздыққа ұрындыратын.
Іргелі принциптер – бұл біз қандай да болмасын реформа-
ларды іске асырсақ та, ең басында таңдап алған жолдан
ауытқыттырмайтын бағдарлар болып табылады.
ОларНегізгі Заңның рухын көрсетеді, оның барлық қалған
ережелерін соған сәйкес түсініп, талқылау керек. Одан кейінгі
тәжірибелер аталған принциптерді Конституцияда бекітіп
берген шешімдердің дұрыстығын көрсетіп берді.
Бұрынғы нұсқадан көптеген түбірлі айырмашылығы
бар елдің жаңа Конституциясының сұлбасы бірте-бірте
көрініс бере бастады. 1993 жылғы Конституцияда Қазақстан
демократиялық мемлекет болып табылады деп айтылған.
Алайдабұныңбәрі ниет қанаекендігі, алнағыздемократияның
ауылы әлі алыс жатқаны кімге болса да белгілі болатын. Со-
нымен қатар Қазақстанның тек демократиялық қана емес,
сонымен бірге құқықтық және әлеуметтік бағдары бар мем-