Page 100 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
99
лекет болуы туралы мәселе тұрды. Бұған жетудің өзі алда
тұрған міндет еді.
Сондықтан да жаңа Конституцияға «Қазақстан Республи-
касы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеумет-
тік мемлекет ретінде орнықтырады» деп жазу ұйғарылды.
Бұл дегеніміз Қазақстанның осындай мемлекетті құру жолы-
мен жүріп бара жатқанын көрсетуші еді.
Жаңа Конституцияда басқарудың түрі туралы мәселені
түпкілікті шешудің төтенше маңызы болды. 1993 жылғы
Конституцияда бұл мәселеге нақты жауап болмаған еді. Ол
Конституция Қазақстанды республика деп жариялағанымен,
оның нақ қандай екенін анықтап көрсетпеді. Ол кезде Қазақ-
станда президенттік және парламенттік республиканың
екеуініңдебелгілері бар еді. Біржағынан, Президентмемлекет
Басшысы болып табылды. Екінші жағынан, Конституцияның
құрылымында Жоғарғы Кеңес туралы тарау Президент тура-
лы тараудың алдында тұрды, мұның өзі мемлекеттік иерар-
хияда жоғарғы өкілетті органның белгілі дәрежеде үстемдігін
көрсетті. Бұл Конституцияның кейбір басқа да ережелерінде
де көрініс берді: мысалы, Конституциялық құрылыстың
негіздері туралы төртінші ережеде Қазақстанның бүкіл
халқының атынан сөйлеу құқығы тек қанаЖоғарғыКеңес пен
Президентке тән деп көрсетілген (яғниЖоғарғыКеңес бірінші
орында көрсетілген). Сол сияқты, Жоғарғы Кеңес Президент
пен Вице-президенттің орындарынан түсуін қабыл алу үшін
депутаттардың жалпы санының 2/3 дауысыжеткілікті деді, ал
бұл жерде оларды бүкіл халық болып сайлағаны ескерілмеді.
Сөйтіп, Қазақстанда мемлекеттік мәселелерді шешу
үшін құқықтар мен жауапкершілікті конституциялық жолмен
бөлісудің ешқандай да айқын ережесі болмады.
Парламенттік республика, анықтама бойынша, – бұл
мем­лекеттік билікті жүзеге асырудың саяси партиялар бас-
ты рөл атқаратын түрі, ал олардың әрқайсысы өз мақсат-