1995 жылғы
к
онституция
97
сұраныстарына мейлінше жауап беретін Негізгі Заңның
жобасын жасау міндетін қойғанмын. Сондықтан да біздің
Конституцияның барлық ережелерінен қазақстандықтардың
діліне, біз бағдарлама ретінде ұстанатын қазақ халқының
өткендегі дәстүрлеріне сәйкес келетін, біздің қазақстандық
қолтаңбамыз, біздің өзіміздің «Меніміз» көрініп тұратын
болды.
Уақыт қыса бастады, жұмысшы тобының әуелі жобаны
жасап болып, содан кейін оның кейінгі талқылауын күтуге
мұрсат қалмады. Санаторийге күнделікті келіп, жұмысшы
тобының мүшелері жасаған жұмысты талдап отыруыма және
бірден түзетулер енгізуіме тура келді.
Болашақ Негізгі Заңның әрбір тұжырымы көптеген
нұсқаларда жасалып, мұқият талқыланды. Еліміздің бола-
шағын анықтайтын маңызды құжатты дайындау жүріп жат-
қандықтан, барлық факторларды, барлық көзқарастарды
есепке алу және олардың ішінен бірден-бір дұрысын таңдау
қажет болды. Мен жұмыс тобының әрбір мүшесінің өз
пікірлерін шешім қабылдағанға дейін бүкпесіз айтуына,
ашық таласуына ынталандырдым, ал одан кейін соның бәрін
жылдам ресімдеп, әрі қарай жылжу қажет болды.
Айтыс жобаның бірінші баптарынан-ақ басталып кетті.
Мен барлық пікірлерді тыңдап алатынмын, сосын барып
қана әрбір бап бойынша соңғы шешім қабылданатын. Кейде
кешкі талқылау барысында, ортақ бір пікірге келу мүмкіндігі
бола бермейтін кезде, мен шешімге келуді таңертеңге
қалдыратынмын, ал одан кейін бұларға даулы баптың жа-
салып біткен нұсқасымен келетінмін. Сонымен бірге мен
әрқашанда дайын баптың редакциясы басқаша емес, неге
дәл осылай болғанын дәлелді түрде түсіндіретінмін, шетел
конституцияларынан мысалдар келтіретінмін.
Менің бір ұсынысым – Республика қызметінің іргелі
принциптерін Конституцияның бірінші бабында бекітіп беру