Page 97 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
96
Мен жұмыс тобының алдына өте қысқа мерзімде Консти­
туцияның түпкілікті нұсқасына негіз бола алатын келісілген
жобаны дайындау міндетін қойдым.
Мен ағымдағы міндеттерінен уақытша босатқан жұмыс
тобының мүшелері «Алатау» санаторийіне орналасып,
жұмысқа кірісіп кетті. Оларға мүдделік қысым жасалмауы
үшінмен олардыңжоба туралы ешкіммен талқылау жасауына
тыйым салдым. 1993жылғыКонституцияныжасауда мұндай
қысымнан қашып құтылу мүмкін болмаған еді. Ол кезде, оны
жасауға қатысқандардың әрқайсысы Негізгі Заңды өздері
атқарып отырған лауазымдарына қарай ыңғайлап жіберуге:
депутаттар – өкілеттілікті заң шығару билігіне, үкіметтік
шенеуніктер – атқару билігіне көбірек беруге тырысқан-
ды. Бірен-сарандары ғана құжатты өздері үшін емес, елдің
болашағы үшін жасау керектігін ойлаған.
Жұмысшы тобы жобаны жасауға кіріспес бұрын, басқа
елдердің – ТМД елдері мен алыс шетелдердің ондаған кон-
ституцияларын зерттеп алды. Басты бағдар ретінде тек қана
Батыс елдері демократиясының тәжірибелері ғана емес,
сол сияқты Азия елдерінің тәжірибелері де есепке алынды.
Мұның өзі бұдан бұрынғыНегізгі Заңдыжасағанда жіберілген
қателерді қайталамауға септігін тигізіп, жаңа Конституцияның
сапасына жағымды ықпал етті.
Сол кезеңде мен екі апталық демалысқа кеттім де,
бұрынырақ айтқанымдай, осы уақыттың ішінде 20 елдің Кон-
ституциясын оқыпшығып, солардың кейбір негізгі ережелерін
конспектілеп алдым. Кейін біз екі жобаны байланыстырдық.
Егер де қазіргі қолданыстағы Конституцияны талдайтын
болсақ, онда ол Француз Республикасының Конституция-
сына жақын болып көрінер еді. Бірақ бұл бір қарағандағы
ғана әсер болатын. Мен жұмыс тобы мүшелерінің алдына,
кім болса да ешкімнің Конституциясын көшіріп алмау, қайта
басқа елдердің тәжірибелерін талдау негізінде, өз еліміздің