1995 жылғы
к
онституция
93
жергілікті әкімшіліктердің басшыларына уақытша қосымша
өкілеттіліктер беру туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 3-бабын басшылыққа ала отырып, қаулы етемін:
1. 1995 жылы 29 сәуірде республикалық референдум
өткізілсін.
2. Республикалық референдумға:
«1991 жылы 1 желтоқсанда бүкіл халық болып сайлаған
Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті Н.Ә. Назарбаевтың
өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартуға
келісесіз бе?» – деген сұрақ қойылсын.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы
Президентінің Мұрағаты
Қазақстандықтардың елімізді одан әрі қайта құру жолын-
дағы курсты қолдайтынын референдумның нәтижесі на-
нымды түрде көрсетіп берді. Президенттің өкілеттігін ұзарту
туралы референдумның Орталық комиссиясы 1995 жылғы
29 сәуірде дауыс берудің қорытындысын шығарды. Ол мы-
надай болды: референдумға қатысу үшін тізімге енгізілген
9 110 156 азаматтың дауыс беруге қатысқаны – 8 309 637
адам, немесе 91,21%. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың
7 932 834-і өкілеттікті ұзартудыжақтады, олар –жалпыдауыс
бергендердің 95,46 пайызы.
Бүкілхалықтық қолдау алғаннан кейін жаңа Консти-
туцияныңжобасынжылдамжасауға болатын еді. Наурыздағы
оқиғалар оны жылдам қабылдаудың қажеттігін тағы бір
көрсетіп берді. Сол кезде аса күрделі ахуалдан шығудың
құқықтық негіздері табылған еді. Бірақ мұндай төтенше
шараларға үнемі бара беруге болмайды. Сондықтан осындай
оқиғаларды болдырмаудың нақты кепілдері қажет болды.
1995 жылдың көктемінде мен Б. Мұхамеджанов пен
К. Колпаковты Әділет министрі Н. Шәйкеновтың басшы-
лығында өзім ұсынған жобамен жұмыс істеуге шақырдым.