Page 95 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
94
Екеуі де кезінде 1993 жылғы Конституцияның жобасы-
мен белсенді жұмыс жасаған еді, сондықтан оларға сол
конституцияның барлық кемшіліктері де, Жоғарғы Кеңестің
қысымымен біз амалсыз барған ымыра да белгілі болатын.
Біздің алдымызда әсері әлдеқайда мол, соның негізінде
осы заманғы, нағыз демократиялық мемлекетті құруға
мүмкіндік беретін Конституцияны жасау міндеті тұрды.
Кейінірек, жоба дайын болғанда, 1995 жылы 22 мамырда
Президенттің қаулысымен оны талдау және сараптау үшін
Сараптамалық-консультативтік кеңес құрылды. Бұл Кеңеске
12 адам кірді. Шәйкенов жұмыс тобына заңтану саласының
корифейлері Юрий Басинді, Ғайрат Сапарғалиевті және
Майдан Сүлейменовті тартты. Сонымен, жұмыс тобының
құрамына мыналар кірді:
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы
Сараптамалық-консультативтік кеңес тобының құрамы
Басин Ю.Г.
Әділет министрлігі Қазақ мемлекеттік
заң институтының профессоры, заң
ғылымдарының докторы;
Ким В.А.
ҚазМҰУ мемлекеттік құқық
кафедрасының меңгерушісі, заң
ғылымдарының докторы;
Колпаков К.А.
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жоғарғы Кеңестегі жеке өкілі, заң
ғылымдарының кандидаты;
Котов А.К.
Әділет министрлігі Қазақ мемлекеттік
заң институтының Жеке құқық ғылыми-
зерттеу орталығы директорының
орынбасары, заң ғылымдарының
докторы;